03.03.2010, 14:27 35084

Қазғарыш төрағасы Қазақстан үшін "Протондардың" ұшырылымын доғару мүмкіндігі жоқ деп мәлімдеді

Қазғарыш төрағасы Қазақстан үшін "Протондардың" ұшырылымын доғару мүмкіндігі жоқ деп мәлімдеді

Астана. 3 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Қазақстан үшін "Протондардың" ұшырылымын доғару мүмкіндігі жоқ деген пікірде. Бұл туралы ол бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

""Протон" үлгісіндегі зымыран тасығыштар техникалық сипаттамасы жағынан тамаша техника жасау мақсатын көздей шығарылған. Ол расында да техникалық сипаттамасымен ең таңдаулы зымыран тасығыш болып табылады. Ирине, сол себепті оған иелік ететін Ресей үшін зымыраннан бас тарту қиын",- деді Т. Мұсабаев.

"Дәл осы себепті де "Протон" зымыран тасығыштарының ұшырылымын аяқ асты доғару мүмкін емес және Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алу жөніндегі 1994 жылғы келісімнің шарттары бойынша да мүмкін емес", - деді ол.

Т. Мұсабаевтың бағалауынша, "Протон" зымыран тасығыштарының ұшырылымын доғарған жағдайда Ресей Федерациясының "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы жұмысы біржола мән-маңызынан айрылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны