30.06.2009, 18:31 6941

"Қазсат-3" жер серігі Израильмен бірлесе жасалуы мүмкін - Мұсабаев

"Қазсат-3" жер серігі Израильмен бірлесе жасалуы мүмкін - Мұсабаев

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан "Қазсат-3" жер серігін Израильмен бірлесе жасауы мүмкін. Бұл туралы бүгін "Қазақстан - Израиль бизнес-форумы" барысында келісімге қол қою рәсімінен кейін Қазақ Ұлттық ғарыш агенттігінің (Қазғарыш) төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Т. Мұсабаевтың айтуынша, бүгін қол қойылған "Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта игеру және пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісім" келешекте ғарыштық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша,бұл - жер серігі және коммуникациялық жүйелерді, соның ішінде "Қазсат" жер серігін құру жобалары. "Бірақ ол "Қазсат-2" емес, екінші жер серігі Ресеймен бірлесе жасалуда және ол жасалып бітуге жақын. Ендігі жерде "Қазсат-3" пен басқа да жер серіктері мүмкін Израильмен бірлесе жасалуы мүмкін",- деді Т. Мұсабаев.

Сонымен бірге, Қазғарыш төрағасының хабарлауынша, Израильмен бірлесе Жерге қашықтан зонд жүргізудің жер серіктері жүйесін құру және ғылыми мақсаттағы жобалар бойынша Израильмен ынтымақтастықты жүзеге асыру мүмкіндіктері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны