24.06.2008, 14:20 1220

"Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышы "Байқоңыр" ғарыш айлағының №200 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылды

"Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышы "Байқоңыр" ғарыш айлағының №200 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылды

Байқоңыр. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің әскери мақсаттағы "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышы "Байқоңыр" ғарыш айлағының №200 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін таңертең жергілікті уақытпен 6 сағат 30 минутта зымыран тасығыш техникалық жанармай құю станциясынан темір жолмен ұшырылым кешеніне тасымалданды. "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышы ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылды.

Зымыранға қызмет көрсету фермалары жеткізілді. М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі констукторлық бюросы, "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша дайындыққа кірісті. Ғарыш мамандары үш тәулік бойы ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізіп, ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін тексереді.

Ресейдің әскери мақсаттағы "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышы 27 маусымда Астана уақытымен 05 сағат 59 минутта (мәскеудің 03.59 сағаты) ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны