01.06.2006, 14:49 3056

Маусымда Байқоңыр ғарыш айлағынан бес ұшырылым болады

БАЙҚОҢЫР. 1-маусым.Kazakhstan Today. Маусымда Байқоңыр ғарыш айлағынан бес ұшырылым болады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне “Байқоңыр” Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

“Маусым айының екі аптасында ғарыш айлағының мамандары ғарышқа бес бірдей зымыранды ұшырады”.

Мәселен, 15-маусымда “Союз-У” зымыран тасығышы «Ресурс-ДК» ғарыштық аппаратын алып ұшады. Самарадағы «Прогресс» конструкторлық бюросында жасалған «Ресурс-ДК» жер серігі Жерге қашықтан зонд жүргізуге, нысандардың суретін сапалы түсіруге арналған.

18-маусымда “Протон-К” зымыран тасығышы Қазақстанның тұңғыш жер серігі – “ҚазСатты” алып ұшады. Ұшырылымды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путин қадағалайды.

24-маусымда Гагарин стартынан «Союз-У» зымыран тасығышы мен «Прогресс М-57» жүк кораблі ғарышқа жол тартады. Жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына отын, азық-түлік, су және ғылыми жабдықтарды жеткізеді.

Маусымның 20-шы жұлдызында ҚР Қорғаныс министрлігінің мүддесіне “Циклон-2” зымыран тасығышы “Космос“ сериялы жер серігін алып ұшады.

Маусымның 28-інен 29-ына қараған түні құрлықаралық “Днепр” баллистикалық зымыраны бірнеше жер серігін ғарыш кеңістігіне шығарады. Атап айтсақ, ол Жерге қашықтан зонд жүргізуге арналған Беларусьтің “БелКа”, сондай-ақ, «УниСат-4» және «CubSat» жер серіктерін алып ұшады.

“Байқоңырдан бұған дейін 2000-жылы ғана бір айда бес бірдей ғарыштық ұшырылым болған. Ал осы жолы біл іс бас-аяғы екі аптада жүзеге асырылмақшы. Бұл - өзіндік реклорд”,- деп хабарлайды ғарыштық орталықтың баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны