13.06.2006, 13:12 2622

“Союз-ФГ” зымыран тасығышы мен “Ресурс ДК-1” жер серігі Байқоңырдағы ұшыру кешеніне орнатылды

БАЙҚОҢЫР. 13-маусым. Kazakhstan Today. “Союз-ФГ” зымыран тасығышы мен “Ресурс ДК-1” жер серігі Байқоңырдағы ұшыру кешеніне орнатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Бүгін таңертеңгі 7 сағатта “Союз-ФГ” зымыран тасығышы 112-алаңдағы монтаж-сынақ корпусынан шығарылды. Онда зымыран тасығыш “Ресурс ДК-1” жер серігі мен зымыранның бас бөлігімен құрастырылған болатын”,- деп хабарлайды Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

“Ұшыру алдындағы екі күнде ғарыш айлағының мамандары зымыран тасығыш пен ұшыру кешенінің жүйелерін тексереді”.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, “Союз-ФГ” зымыран тасығышы «Ресурс-ДК» ғарыштық аппаратын 15-маусымда Астана уақытымен 14 сағатта ұшырылады деп межеленген.

Самарадағы «Прогресс» конструкторлық бюросында жасалған «Ресурс-ДК» жер серігі Жерге қашықтан зонд жүргізуге, нысандардың суретін сапалы түсіруге арналған. «Ресурс-ДК» жер серігінен алынатын ақпарат түрлі ғылыми және шаруашылық мақсаттарды шешу, соның ішінде техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды шұғыл қадағалау үшін, олардың залал-зардабын жою шараларын тиімді жоспарлау мен дер кезінде өткізу мақсатында пайдалануға болады.

“Нәтижесіне тек Ресейлік қана емес, сонымен бірге Италия, Германия мен Швециялық зерттеушілер қызығушылық танытып отыр. Жер серігі негізінен жердің бетін зерттеуге арналған. Оның көмегімен зілзалалар аумағын қадағалауға болады”, деп хабарлайды Федералдық ғарыш агенттігі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны