18.03.2010, 18:29 8137

"Союз-ТМА-16" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен Қазақстанға келіп қонды

"Союз-ТМА-16" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен Қазақстанға келіп қонды

Алматы. 18 наурыз. Kazakhstan Today - "Союз-ТМА-16" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен бірге Қостанай облысының Арқалық қаласының маңына келіп қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бүгін мәскеу уақытымен сағат 14.23-те Халықаралық ғарыш станциясына барған экспедициян экипажы жерге оралды. "Союз-ТМА-16" кораблінің түсірілетін аппараты Арқалық қаласынан 60 шақырым жерге келіп қонды".

Роскосмостың хабарлауынша, Халықаралық ғарыш станциясына барған ұзақ мерзімді экспедицияның екі экипаж мүшесі Максим Сураев (Роскосмос) пен Уильямс Джеффри (НАСА) Жерге қайта оралды.

"Олар 2009 жылғы 30 қыркүйекте ұшқан болатын, олар орбитада 169 тәулік болды. Қону қалыпты режимде өтті. Ғарышкерлердің жағдайы жақсы",- деп хабарлайды Роскосмос.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны