06.06.2016, 17:32 187271

ҰБТ-діӊ төрт күнінде максималды балды 16 мектеп бітіруші жинады - ҚР БҒМ

Қазақстанда Ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ (ҰБТ) төрт күнініӊ қорытындысы бойынша мүмкін болған 125 балды 16 мектеп бітіруші жинады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда Ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ (ҰБТ) төрт күнініӊ қорытындысы бойынша мүмкін болған 125 балды 16 мектеп бітіруші жинады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ төрт күні өткізілді. (...) Тестілеудіӊ төрт күнінде мүмкін болған 125 балды 16 бітіруші жинады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ведомствоныӊ мәліметінше, 2 және 5 маусым күндері өткізілген тестілеуге 72005 бітіруші қатысты, соныӊ ішінде қазақ тілінде - 51777, орыс тілінде - 20228 бітіруші.

Тестілеу төртінші күні 47 ҰБТӨП-тіӊ базасында өткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны