30.10.2019, 13:02 16286

Ақтау халықаралық әуежайында "Дабыл-Антитеррор-2019" жедел - тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Іс-шараның мақсаты - объектідегі террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, террористік іс-әрекетті анықтау және жолын кесу, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру

Нұр-Сұлтан. 30 қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 29 қазанында Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық жедел штабы Ақтау халықаралық әуежайында "Дабыл-Антитеррор-2019" жедел - тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Іс-шараның мақсаты - объектідегі террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, террористік іс-әрекетті анықтау және жолын кесу, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру, әлсіз орындарды анықтау, сондай-ақ объектідегі күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің басшылары мен қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру және мемлекеттік органдар құралдары күштерінің бірлескен іс-қимылдарын практикалық пысықтау.

Оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеттері толық көлемде орындалды. Жұмылдырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны