Система Orphus

Дәрігер аллерголог-иммунолог Динара Талғатбекова: аллергиядан зардап шегетіндер коронавирустың таралуы кезінде сақ болулары керек

02.04.2020, 12:49 3052

Алматы.2 сәуір. Kazakhstan Today - Бүкіл әлемде COVID-19 коронавирусының инфекциясы таралуына байланысты биылғы көктем ерекше болып тұр.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Республикалық аллергологиялық орталығының жетекшісі, м.ғ.д., жоғары санаттағы дәрігер Динара Талғатбекова маусымдық аллергиясы бар, тыныс жолдарының созылмалы аллергиялық ауруларына шалдыққан адамдарға коронавирустың таралуына байланысты жоғары қауіп төнуі мүмкін, дейді.

Динара Жеңісбекқызының айтуынша, мұрын-жұтқыншақ - вирустар мен аллергендердің негізгі кіру қақпасы. Қауіпті агенттердің алғашқы кедергісі болып табылатын мұрын-жұтқыншақтың сілемейлі қабығына ерекше назар аудару қажет. Тыныс жолдарының созылмалы аллергиялық қабынуы пациенттің сілемейлі қабығын вирустарға осал етеді. Сондықтан, көктем мезгілінде, әсіресе сәуір айының аяғында - мамырда, ағаштар шаң баса бастағанда, мегаполис тұрғындары сақ болулары керек.

Мұрын қуысы өзінің сілемейлі қабығымен үнемі вирустармен күресіп, мұрын арқылы өтетін ауаны тазартып отырады. Оған әртүрлі бактериялар, вирустар, шаң жиналады. Вирустық инфекция ағзаға тыныс алу жолымен еніп, тыныс алу жолдарының жасушаларында - көмей, трахея, бронхтарда жиналады. Бұл аллергеннің сілемейлі қабыққа оңай енетіндігін білдіреді. Иммунитет әлсіреген кезде зақымдалған сілемейлі қабықтар арқылы вирустар мен аллергендер организмге зиян келтіреді. Егер вирусқа көктемдегі өсімдіктер мен шөптердің гүлденуіне байланысты аллергия қосылса, науқастың жағдайына әсер етуі мүмкін.

Сондықтан, инфекция аллергияның барысын, ал аллергия - вирустық инфекцияның ағымын нашарлатады. Сол себептен, аурудың алдын-алу өте қажет. Ең қарапайымы - мұрынды, ауызды және тамақты тұзды сумен шаю. Бұл таңертең тісті тазалау сияқты. Біз тістерімізді кешке де тазалаймыз, қолымызды да күніне бірнеше рет жуамыз, мұрынның сілемейлі қабығымен де солай жасау керек. Вирустық инфекция кезінде мұрын-жұтқыншақтың уақтылы емделмеген аурулары (синуситтер, фарингит) ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.Аллергиясы бар науқас, әсіресе қазір өсімдіктердің гүлдену кезеңінде аурудың белгілері мен ауырлығын бақылау үшін дәрігердің тағайындаған терапиясын қабылдауы керек. Вирустар әрдайым аллергиялық аурулардың, әсіресе бронх демікпесінің өршуінің арандатушысы ретінде әрекет етеді.

Бронх демікпесі болған жағдайда пациент дәрігер тағайындаған негізгі қабынуға қарсы терапияны алуы керек, сонымен қатар вирустық/бактериалды инфекциясының қосылу ерекшеліктерін ескере отырып, емдеуде вирусқа, бактерияға қарсы, иммуномодуляторлық дәрі-дәрмектерді қолдануға болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны