Система Orphus

Нұр-Сұлтанда өткен тәулікте 140-тан астам азамат карантин режимін бұзған

15.04.2020, 17:16 6859

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда өткен тәулікте 140-тан астам азамат карантин режимін бұзған.

Құқық қорғау органдары қала аумағында коронавирус жұқпасының таралуына жол бермеу, азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"14 сәуір күні қалалық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелеріне 169 адам жеткізілді. Соның ішінде, 142 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9-ы қамауға алынды. Сондай-ақ, 97 айыппұл салынып, 32 ескерту жасалды. Мұнан бөлек 4 іс соттың қарауында", - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, түрлі әкімшілік құқық бұзушылық үшін 98 автокөлік коммуналдық тұрақтарға қамалған.

"Біздің мақсатымыз - қоғамдық тәртіпті, карантин режимін сақтау, тұрғындар арасында түсіндірме жүргізу. Өкінішке орай, мұның маңызын түсінбей, режимді бұзатындар көп. Кейбір адамдар агрессивті көңіл-күйде қабылдайды. Бірақ біз олардың игіліктері үшін не істеу керектігін түсіндіруге тырысамыз. Ең агрессивті деген тұрғындардыжауапкершілікке тартамыз, әйтпесе болмайды", - дейді Сарыарқа аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Марат Өмірбаев.

Бұрын хабарлағандай, елордада полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік жүргізіп, қаланың барлық аудандарында азаматтар мен автокөлік құралдарының қозғалысын қатаң бақылауда ұстауда. Мобильді топтар, жаяу нарядтар жұмылдырылған. Блокпостардағы жағдай дрон көмегімен қадағалануда. Қала аумағы көше шекаралары бойынша шаршыларға бөлінген. Олардың әрқайсысында тәртіп сақшылары жағдайды қадағалайды. Қалада 26 мобильді бекет қойылған.

Нұр-Сұлтанда азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды, қажет болған жағдайда медициналық мекемелерге жүгінуді, сондай-ақ қызметі рұқсат етілген жұмысқа шығуды қоспағанда, азаматтардың үйден шығуы шектелген.

Кәмелетке толмағандарға қала бойынша ересектердің еріп жүруінсіз жүруге тыйым салынады. Отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде үш адамнан артық жиналуға рұқсат етілмейді. Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында енгізілген шектеулерді сақтау туралы түсіндірме жүргізуде. Төтенше жағдай режимін және шектеу шараларын қасақана бұзған жағдайда тәртіп бұзушыларға қатысты тиісті заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны