10.02.2020, 18:29 3650

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы 100% балабақшамен қамтылған

Аудан әкімдерінің есептік жиыны Мұнайлы ауданында жалғасуда

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы 100% балабақшамен қамтылған.

Аудан әкімдерінің есептік жиыны Мұнайлы ауданында жалғасуда. Бүгін аудан әкімі Рахат Елтизаров 2019 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы жылға арналған даму жоспары бойынша жергілікті тұрғындар алдында есеп берді. Кездесуге облыс әкімі Серікбай Трұмов, басқарма басшылары қатысты.

Табиғи өсім көрсеткіші жоғары ауданда халық саны биыл 169 900 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8 600 адамға көбейді. 5 658 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, нәтижесінде 10 097 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ 35 жеке инвестициялық жобалар жүзеге асып, 690 жұмыс орны құрылды. Әлеуметтік саланың ең маңызды бөлігі білім саласына 11 907,2 млн теңге бөлініп, аудан бюджетінің 55,8 құрады. "Қазір ең өзекті мәселе үш ауысымдық оқыту. Бұл мәселелерді шешу үшін, 5 мектептің жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын бастауға жұмыстанатын боламыз",- деді аудан әкімі. Балабақшамен қамту бойынша 2017 жылы 83%, 2018 жылы 96,7%, 1 қаңтардан бастап 100% құрап отыр. Былтыр ауданда 4000 жұмыс орнын ашу жоспарланса, бүгінде 4300 жұмыс орны құрылды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларға 100 мың теңгеден бір жолғы жәрдемақы тағайындалды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3232 отбасы, 18276 адам атаулы әлеуметтік көмек алды. 4247 көп балалы отбасыларға тегін жол жүру куәлігі берілді. Қазіргі таңда халықты толғандыратын басты мәселенің бірі тұрғын үй және жер телімі. Қазіргі уақытта үй кезегінде тұрғандардың саны 3080 адам. Мәселелерді шешу бағытында "Бақытты отбасы" жобасы аясында әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлері жергілікті бюджет есебінен жүргізілуде. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде тұрған 125 азаматқа жолдама беріліп, 47 отбасы баспаналы болды. "Әр қазақ менің жалғызым" акциясы аясында Батыр ауылдық округінен 2 тұрғын үй аудан халқының қолдауымен салынып, қараша айында берілді. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша аудан тұрғындарының 74,1% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы Қызылтөбе ауылдық округінде су желісі құрылысына республикалық бюджеттен 760 млн теңге бөлініп толықтай игерілді. Құрылыс монтаждау жұмыстары 55%-ға орындалды. Аудан тұрғындары тарапынан үнемі көтерілетін сұрақтардың бірі тазалық мәселесі. Қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, қоқыс төгушілер қатары азаяр емес. "Бұл жағдайларды үнемі бақылап отыру мүмкіндігі жоқ. Құрметті аудан тұрғындары, жиынға қатысушылар!Ауылымызды таза ұстауға атсалысып, қоршаған ортаны ластамай, қоқыстарды арнайы орындарға төгуді сұраймын",-деді Рахат Тезекбайұлы. "Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттен 631,9 млн теңге бөлініп оған ауылдың көше жарығын және ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша 10 жоба, 1 құрылыс жобасы мақұлданып, толығымен аяқталды. Есептік баяндамадан соң, облы әкімі Серікбай Трұмов халықтың толғандырған сауалдарын тыңдап, оның шешу жолдарын қарастыруға уәде берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны