Биыл Алматыда 104 жеке меншік клиника мемлекеттік тапсырыс алды
Алматы. 7 наурыз. Kazakhstan Today - Биыл Алматыда 104 жеке меншік клиника мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсетеді. Бұл қала бойынша кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет ететін 185 емдеу мекемесінің 56 пайызы. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.
"Мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшыныс білдірген жеке клиникалар саны соңғы 2 жылда екі есе артты, - деді Т.Әбілдаев. - Сонымен қатар, жеке меншік сала өкілдері медициналық көмектің көптеген түрлерін көрсетуде белсенділік танытып отыр. Олардың саны Алматы қаласында ғана емес, республика бойынша бірнеше есеге артты".
Атап айтқанда, биыл оңтүстік астанада стационарлық көмек көрсететін жеке клиникалар саны 2018 жылмен салыстырғанда 11-ге, стационарды алмастыратын көмек түрлерін көрсететін клиникалар саны 7-ге, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін жеке субъектілер саны 4-ге көбейген.
Сондай-ақ, алматылықтар тіркеліп, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне (ТМККК) енетін қызмет түрлерін пайдалана алатын емханалардың да жартысынан астамы - жеке меншік. Бүгінгі таңда Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласы бойынша 77 емханамен келісімшарт бекіткен. Бұл көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артып отыр. Емханалардың көбеюі ұзын-сонар кезекті азайтып, учаскелік дәрігерлер жүктемесін төмендетуге мүмкіндік бермек. Бұл мәселені шешуге қосымша ашылатын учаскелер де септігін тигізеді.
"Жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесін азайту мақсатында 2019 жылы 88 жаңа учаске ашу көзделіп отыр", - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Әсел Бисенбаева.
Әсел Бисенбаеваның айтуынша, пациенттерге ыңғайлы болуы үшін Damumed ақпараттық жүйесі негізінде ұялы қосымша әзірленді. Пациенттер аталған жүйе арқылы дәрігерге жазылып, зертханалық талдаулар нәтижелерімен таныса алады. Сондай-ақ, қосымшаның көмегімен үйге дәрігер шақыртуға болады. Осындай кешенді шаралардың арқасында пациенттерге қызмет көрсету уақыты 20 пайызға, кезекке кететін уақыт 30 пайызға қысқаруы тиіс.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмекті жеткізуші мекемелерді республикалық және 17 аймақтық комиссия іріктейді. Мемлекеттік тапсырысты алғысы келетін емдеу ұйымдары міндетті түрде Қордың жеткізушілер базасына енген болуы тиіс. Комиссия құрамында Медициналық сақтандыру қоры, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Медицина қызметкерлерінің кәсіподағы және пациенттер құқын қорғайтын ұйымдардың өкілдері бар. Биыл Алматы қаласындағы медицина ұйымдарымен 105,2 млрд теңгеге келісімшарт бекітілген.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
"1941 жылдың жазы" фильмі Қазақстанның бірнеше қаласында тегін көрсетіледі
1941 жылдың жазы" фильмі Қазақстанның бірнеше қаласында тегін көрсетіледі, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда жолдарды орташа жөндеу 1 маусымда басталады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Батыр- панфиловшылар шыңына жаппай көтерілу мерзімін ағымдағы жылдың 7 мамырынан 12 мамырына ауыстырылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Астанада GPT картиналарының фотокөрмесі өтті
Біздің еліміз үшін экология өте маңызды мәселе. Бұл саладағы проблемалардың оң шешімін қаладағы коммуналдық қызметтер ғана емес, тұрғындар да қолдауы тиіс. Көлік терезесінен лақтырылған немесе арнайы жәшікке салынбаған кішкене қоқыстың өзі экологияға, жолдарға, көшелерге, жалпы қаламыздың сырт келбетіне теріс әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға, жақсы экология ұлт денсаулығына тікелей әсер ететінін есте сақтауға шақырамын", - деді Шасалим Шагалимов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Оқу сауаты" мен "Математикалық сауат" міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Астана әуежайы түнде жұмыс істемейді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда қазақстандық өндірістің бірегей фандоматы пайда болды
Бұл опциялар әлі де толықтырылады, өндіріс пен технология жақсарады. Құрылғы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан бірінші болып Панфилов көшесіне орнату туралы шешім қабылданды. Жақын арада фандоматтар Арбатқа, Медеу ХҚКО-сы мен Медеуге қойылады. Өйткені жазда осы аймақта энергетиктер сусындардың шашылған пластикалық бөтелкелер мен банкалар жиі кездеседі. Жобаның 360 градус бойынша әлеуеті зор. Қайта өңдеуден кейін пайдалы материал болып табылатын қоқыс аз болған сайын, қала тазалауға аз ақша жұмсайды және қала басқа да маңызды мәселелерге көп қаражат жұмсайды", - деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінің "Жасыл Алматы" ГРБН жобалық кеңсесінің басшысы Евгений Мұхамеджанов.
Жақын арада Алматы мен Астананың барлық көрікті жерінде осындай 100 фандомат пайда болады. Бұл жобамен біз қоқысты бөлек жинауға арналған құрал жасап қана қоймай, оның ауқымын кеңейтуге, яғни экологиялық мәдениет пен әдетті қалыптастыру, қалдықтарды азайту, жауапты тұтыну, айналымдағы экономикаға көшуді көздеп отырмыз", - деп атап өтті CEO Freedom Holding Corp. өкілі Тимур Турлов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматылық меценаттар жаңа буын жатақханаларын салып жатыр
Жаңа заманауи жағдайда жайлы өмір сүру мүмкіндігінің пайда болғанына қуаныштымыз. Мұнда жобалармен жұмыс істеуге, шығармашылықпен айналысуға болатын коворкинг орталығы бар, ол үшін барлық жағдай жасалған. Бұл пәтер жалдауға қалтасы көтермейтін студенттерге таптырмас дүние", - деді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Жанерке Тоқтарова.
Mugalim" ҚБ-ның айтуынша, тағы бірнеше білім беру нысанын салу жоспарланған. Жыл соңына дейін Zhibek Dorm қоғамдық бірлестігінің меценаты тағы 100 орындық жатақхана салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, "Mugalim" ҚБ 110 орындық студенттер үйін (меценат - Yamoto ЖК) және 135 орындық жатақхананы ("Кемел" жеке қоры) жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
10.05.2024, 10:48Өңірлердегі ЖЭО мен қазандықтарды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу сапасы үкіметтің қадағалауында 10.05.2024, 11:21 23516Алдағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде10.05.2024, 12:57 Шегірткелер, субсидиялардың кешігуі, құрғақшылық: Үкіметте фермерлердің өзекті мәселелері талқыланды21826Шегірткелер, субсидиялардың кешігуі, құрғақшылық: Үкіметте фермерлердің өзекті мәселелері талқыланды10.05.2024, 13:02 21591Су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес қандай өтемақы ала алатындығы белгілі болды10.05.2024, 13:05 20961Қазақстанда 2025 жылы әлеуметтік қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптар өзгереді
06.05.2024, 12:23 108576ҰОС ардагерлері мен Жеңіске үлес қосқан адамдар біржолғы қаржылай көмек алады06.05.2024, 12:30 108396Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге резервтен 816 млн теңгеден астам қаржы бөлінді06.05.2024, 12:11 108131Алматы - Өскемен тас жолының бойынан ай сайын 100 тоннадан астам қоқыс жиналады06.05.2024, 17:12 104076Қазақстан Республикасының жаңа Цифрлық даму министрі тағайындалды06.05.2024, 16:24 103776Тоқаев су тасқынына қарсы күреске қатысқаны үшін бірқатар әскери қызметшілерге арнаулы атақтар, шендер мен наградалар табыс етті
24.04.2024, 18:17 156611Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 154896Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 151886Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады18.04.2024, 11:47 148396ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды24.04.2024, 18:19 130941Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады