14.03.2021, 15:59 8058
Қазақстанда 14 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Достарға айту
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 173, Алматы қаласы - 360, Шымкент қаласы - 7, Ақмола облысы - 57, Ақтөбе облысы - 12, Алматы облысы - 86, Атырау облысы - 45, Шығыс Қазақстан облысы - 24, Жамбыл облысы - 16, Батыс Қазақстан облысы - 60, Қарағанды облысы - 72, Қостанай облысы - 48, Маңғыстау облысы - 3, Павлодар облысы - 50, Солтүстік Қазақстан облысы - 28, Түркістан облысы - 8.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 223 720.
Қазақстанда өткен тәулікте 595 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 134, Алматы қаласы - 186, Шымкент қаласы - 2, Ақмола облысы - 57, Алматы облысы - 19, Атырау облысы - 11, Шығыс Қазақстан облысы - 21, Батыс Қазақстан облысы - 27, Қарағанды облысы - 51, Қостанай облысы - 30, Қызылорда облысы - 6, Маңғыстау облысы - 6, Павлодар облысы - 32, Солтүстік Қазақстан облысы - 11, Түркістан облысы - 2.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 206 149.
14 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 18 973 адам (14 720 КВИ+ және 4 253 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 041 науқас стационарларда, ал 13 932 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 232 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 47 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 33 науқас.
12.03.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 52 жағдайы тіркелді. Оған қоса 180 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 801, 653 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 895 жетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.05.2026, 16:30 23871
Қазцинктегі жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды
Достарға айту
Өскемен қаласында "Қазцинк" ЖШС-дағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Бұл туралы "Қазцинк" компаниясынан мәлім етті.
- Жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі бүгін түнде ауруханада көз жұмғанын терең күйзеліспен хабарлаймыз.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Компания қаза болған қызметкердің отбасына қажетті қолдау көрсетіп жатыр, - делінген хабарламада.
Бүгінде өндірістік алаңда апат салдарын жою жұмыстары мен мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасып жатыр.
- Қазіргі уақытта Өскемен металлургиялық кешені мырыш және қорғасын зауыттарындағы өндірістік қуатты уақытша төмендетіп жұмыс істеуде, - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, бұған дейін Өскемендегі кәсіпорында жарылыс болғаны хабарланған. Соның салдарынан екі адам қаза болып, бесеуі зардап шекті.
Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі жарылысты жеке бақылауына алды.
Жарылысқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 15:50 24791
Астанада LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елордадағы LRT 16-17 мамыр күндері іске қосылып, жолаушылар тасымалын бастайды. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Бастапқы кезеңде жолаушылар ағыны 25-45 мың адам шамасында болады деп болжап отырмыз", – деді Асылбек Дүйсебаев.
Сондай-ақ ол станцияларда коммерциялық нысандар орналастыру қарастырылмағанын айтты. Оның сөзінше, бұл шешім технологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына байланысты қабылданған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 12:06 24461
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Соңғы уақытта өзін Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, салық төлеушілерге телефон арқылы хабарласатын белгісіз тұлғалардың азаматтарды жаңылыстыру фактілері тіркелуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.
Алаяқтар қызмет түрін шұғыл түрде растау, тіркеу деректерін жаңарту немесе мобильді қосымша арқылы міндетті растаудан өту қажет екенін айтып, азаматтарды түрлі қосымшаларды жүктеуге, күмәнді сілтемелерге өтуге, авторизациядан өтуге, SMS-кодтарды, ЭЦҚ деректерін немесе өзге де жеке мәліметтерді енгізуге көндіреді.
Мысалы, алаяқтар қызметті "әр екі жыл сайын растау қажет" деген желеумен e-Salyq mobile немесе басқа қосымшаларды жүктеуді талап етіп, орындалмаған жағдайда қызметтің тоқтатылатынын айтуы мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және алаяқтық схема болып табылады.
Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай мазмұндағы қоңыраулар шалмайды, сондай-ақ телефон арқылы мобильді қосымшаларды жүктеуді, растау кодтарын, банк картасының деректерін, ЭЦҚ кілттерін, парольдерді беруді немесе бөгде сілтемелерге өтуді талап етпейді.
Азаматтарды сақ болуға шақырамыз:
- белгісіз тұлғалардың телефон арқылы берген нұсқауларын орындамаңыз;
- SMS-кодтарды, парольдерді және ЭЦҚ деректерін ешкімге бермеңіз;
- ақпаратты тек МКК-ның ресми ақпарат көздері арқылы тексеріңіз.
Осындай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатуды ұсынамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 11:45 48791
Huawei Kazakhstan 32%-дық өсімді тіркеп, 2026 жылға арналған технологиялық басымдықтарды белгіледі
Сурет: Huawei
Достарға айту
Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы компанияның қазіргі және жаңа серіктестерінің басып қосып, дәстүрлі Partner Conference 2026 іс-шарасын өткізді. Қатысушылар іскерлік экожүйені дамыту, салалық басымдықтар және Қазақстан мен Орталық Азияның бірлесіп өсу жолының жаңа мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Huawei.
2025 жылдың қорытындысы бойынша компания жергілікті нарықта тұрақты өсім көрсетті. Қазақстандағы Huawei Technologies компаниясының табысы 32%-ға артты, ал серіктестік сыйақылар мен рибейттердің көлемі 6 миллион АҚШ долларынан асып, алдыңғы жыл көрсеткіштерімен салыстырғанда 50%-ға жоғарылады. Компанияның белсенді серіктестерінің саны да 17%-ға өсіп, 200-ден асты.
Конференцияның басты тақырыбы жасанды интеллект инфрақұрылымы негізгі рөл атқаратын жаңа технологиялық күн тәртібіне көшу болды. Компания Қазақстан мен Орталық Азиядағы ЖИ бағытының дамуын, соның ішінде Ascend 950 чипі негізіндегі шешімдерді таныстырды.
2026 жыл Қазақстан үшін жасанды интеллект жылы болады және біз мұнда ең озық Ascend 950 ЖИ-чипін таныстырдық. ЖИ тиісті инфрақұрылымсыз толыққанды жұмыс істей алмайтынын түсіну маңызды, сондықтан ЖИ мен Atlas платформасының үйлесімі қажетті тиімділікті қамтамасыз етеді. Қазақстандағы біздің артықшылығымыз келесі үйлесімде: біз көптеген жылдар бойы әртүрлі салаларда, сымсыз желілер мен АT бағытында жұмыс істеп келеміз, ал енді бізде ЖИ-чип те бар. Барлық клиенттер мен серіктестер бұл үйлесімді өз кәсіпорындары үшін, Huawei-мен серіктестікте және клиенттердің бизнесі үшін пайдалана алады", - деді Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Сун Ясуй.
Huawei-дің ЖИ-ге арналған шешімдерін TikTok, Alibaba және Tencent сияқты ірі технологиялық компаниялар қазірдің өзінде пайдаланып отыр. 2026 жылы Huawei Kazakhstan өңірде бұл бағытты белсенді түрде дамытып, аппараттық инфрақұрылымды бағдарламалық шешімдермен, салалық қосымшалармен және серіктестердің интеграциялық сервистерімен біріктіруді көздейді.
Инновациялар біздің басты басымдығымыз болып қала береді: жаһандық табыстың 126 миллиард долларының 27 миллиарды зерттеулер мен әзірлемелерге бағытталды. Бүгінде қызметкерлеріміздің 55%-ы дәл осы салада жұмыс істейді. Бұл бізге Wi-Fi 7 және деректерді сақтау жүйелері сияқты бағыттарда көшбасшылықты сақтауға мүмкіндік береді. Біздің талшықты-оптикалық жобаларымыздың ауқымы соншалық, олардың жалпы ұзындығы Жер шарын 30 реттен астам айналып шығуға жетеді", - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan корпоративтік бизнес бойынша сату директоры Чэнь Вэй.
Серіктестік модельдің практикалық құндылығын қаржы секторындағы Unified Technologies компаниясының кейсі көрсетті. Компания Қазақстандағы филиалдық желісі кең ірі банк үшін іске асырылған жобаны таныстырды. Команда алдында бөлінген банктік инфрақұрылым үшін тұрақты, жоғары өнімді, ауқымдалатын және қорғалған желі құру міндеті тұрды. Жобада Huawei-дің SD-WAN, Campus Network, Data Center Network және Firewall негізіндегі шешімдері пайдаланылды. Нәтижесінде клиент тұрақты желілік инфрақұрылымға қол жеткізіп, шығындарын оңтайландыра алды.
Компания серіктестермен практикалық жұмысты күшейтетінін де атап өтті. Қазірдің өзінде Қазақстанда 300-ден астам бірлескен воркшоп өткізілді және 50-ден астам POC-жоба жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта Huawei оқыту бағдарламаларын, демонстрациялық жобаларды, бірлескен маркетингті, техникалық сараптаманы және сатуды қолдау бағдарламаларын дамытуды жоспарлап отыр.
Тұрақты және ұзақ мерзімді ынтымақтастық ережелерді сақтау, адалдық пен ашықтықсыз мүмкін емес. Біздің басымдығымыз - серіктестердің мүдделерін қорғау және әділ орта қалыптастыру. Біз өзара тиімділік пен бизнесті жүргізудің жоғары стандарттарын сақтау ғана Қазақстанның бүкіл цифрлық экожүйесінің тұрақты өсімінің кепілі екеніне сенімдіміз", - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бақылау және қадағалау жөніндегі директоры Ли Чэнь.
2026 жылы Huawei Kazakhstan компаниясының коммерциялық бизнесі қаржы секторына, білім беру саласына және IT бағытына ерекше назар аударады. Сонымен қатар компания цифрлық трансформацияға, инфрақұрылымдық шешімдерге және процестердің тиімділігін арттыруға сұраныс өсіп жатқан басқа салалармен де жұмысты жалғастырады.
Конференция қорытындысы бойынша Huawei Technologies Kazakhstan серіктестік экожүйені елдің цифрлық трансформациясының негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде дамытуды жалғастыратынын растады. Компания серіктестерімен бірге Қазақстан мен Орталық Азия нарығында заманауи АКТ, ЖИ және салалық шешімдерді енгізуді кеңейтуді жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 15:21 257591
Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілерін анықтады
Достарға айту
Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң (12-б. 1-т. 6) тт.) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретіндіктен мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салады.
Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, "Olimpbet" және "1XBET" букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында тұрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 14:14 257846
Жалған ақпарат пен діни арандатуға қатысты қатаң шаралар қабылданады - прокуратура
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтардың пікір білдіру кезінде, оның ішінде онлайн-платформаларда және өзге де жария ақпараттық алаңдарда заңнаманы қатаңсақтау қажеттігіне назар аударады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, жекелеген тұлғалардың ұлттық дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға және тек елімізде ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де көп ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамын атап өтуге қатысты теріс пікірлерді жария түрде таратқан жағдайлары тіркелді.
Олар мұндай пікірлерін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың өздерінің жалған діни догмалармен үйлеспейтіні туралы бұрмаланған тұжырымдарымен сүйемелдеген.
Мұндай мәлімдемелер Қазақстан Республикасының өзін зайырлы мемлекет ретінде айқындайтын Конституциясының қағидаларына қайшы келіп қана қоймай, сондай-ақ елдегі қоғамдық келісімге, оның ішінде ұлтаралық және дінаралық татулыққа зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың беделін түсіреді.
Сондай-ақ журналистердің, блогерлердің және ақпараттық алаң иелерінің жауапкершілігіне ерекше назар аударылады. Осындай жалған діни көзқарастарды насихаттайтын тұлғаларға көпшілік алдында сөз беру арқылы олар шын мәнінде жалған әрі арандатушылық сипаттағы мәлімдемелердің таралуына ықпал етеді, қоғам санасына теріс әсерін күшейтеді, гендерлік теңсіздікті насихаттап, әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайды.
Масс-медиа өкілдерін кәсіби этика қағидаларын, объективтілікті сақтауға және қоғамдық келісімді бұзуы мүмкін идеяларды насихаттауға өз платформаларын пайдалануға жол бермеуге шақырамыз.
Осыған орай қоғамдық тәртіпке және азаматтардың құқықтарына әсер етуі мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз.
Сонымен қатар, ұлттық, діни немесе өзге де әлеуметтік алауыздықты қоздыруға бағытталған жария мәлімдемелер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының қолданысына жатады және ауыр қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Сондай-ақ мұндай әрекеттер діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу ретінде саралануы мүмкін, бұл үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтарды жалған ақпарат таратудан тартынуға, Қазақстан халқының мәдени және ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға, қоғамда алауыздық пен жанжал туғызуы мүмкін мәлімдемелерге жол бермеуге шақырады.
Осындай фактілер анықталған жағдайда құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 13:15 258411
Алматы облысында жанжал барысында оқ атылды
Достарға айту
Алматы облысында бір топ адам арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда бір топ адамның арасында жанжал шыққанын және олардың арасында полиция қызметкерінің аспанға екі рет оқ атқанын көруге болады.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазбадағы оқиға 2026 жылдың 28 наурызында Еңбекшіқазақ ауданында болған.
- Аталған дерек бойынша бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету фактілері бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Жеті адам күдікті ретінде танылды. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады департаменттен.
Сонымен қатар өңір полициясы ауаға атылған оқ ескерту сипатында болғанын және қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылғанын атап өтті.
Тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 15:40 334691
Алматыда Наурыз мерекесіне байланысты кейбір көшелерде қозғалыс шектеледі
Сурет: Kazakhstan Today
Достарға айту
Алматы қаласында Наурыз мерекесіне арналған дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты бірқатар көшеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2026 жылы 16 наурыз сағат 03:00-ден 23 наурыз сағат 00:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.
Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген уақытша шектеулерді ескеруді сұраймыз.
Түзетілген қозғалыс сызбалары
№16
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Гоголь көшесі - әрі қарай соңғы аялдамаға дейін;
- Батыс бағытта: Гоголь көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№37
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№48
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№126
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Гоголь көшесі - Қалдаяқов көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Қалдаяқов көшесі - Гоголь көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№201
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№205
- Шығыс бағытта: Желтоқсан көшесі - Гоголь көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Гоголь көшесі - Наурызбай батыр көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№206
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№209
-Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№210
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№224
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
Қорытынды:
Барлығы 10 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгертілді.
Мерзімі:
2026 жылғы 16 наурыз сағат 03:00-ден бастап мерекелік іс-шаралар аяқталғанға дейін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.05.2026, 10:20Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді 08.05.2026, 09:04 123626ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:36 82041Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды09.05.2026, 10:26 80461Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады08.05.2026, 12:33 75571Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды
17.04.2026, 20:43 439966Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 439466Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты17.04.2026, 10:55 438776Агробиотехникалық ынтымақтастық: Ғабидолла Оспанқұлов француз компаниясымен кездесті29.04.2026, 15:15 382941Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 16:18 382781Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

