25.05.2017, 22:32 2801

15 мыӊнан астам жас алматылықтар бірінші жалпықалалық бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесіне барды

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, бірінші жалпықалалық бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесін Алматы қаласыныӊ әкімдігі "Сәтті қадам" жобасыныӊ шеӊберінде ұйымдастырды.

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - 15 мыӊнан астам жас алматылықтар бірінші жалпықалалық бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесіне барды,- деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, бірінші жалпықалалық бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесін Алматы қаласыныӊ әкімдігі "Сәтті қадам" жобасыныӊ шеӊберінде ұйымдастырды. Іс-шараға 5 мыӊнан астам бос жұмыс орнын ұсынған 100-ден астам жұмыс беруші қатысты,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бүгінде Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 700 мыӊнан астам жас тұрғындар тұрады, олардыӊ 435 мыӊы - экономикалық белсенді жастар. Тек соӊғы 5 жылда жастардыӊ үлесі 10%-ға өсті. Болжамға сәйкес, 2020 жылға таман Алматыдағы экономикалық белсенді жастардыӊ саны 500 мыӊ адамнан асады,- деп хабарлайды әкімдіктегілер.

Жәрмеӊкеге қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек жастар экономиканыӊ драйвері екенін және ірі мегаполис ретінде Алматы үшін ондағы жұмыспен қамту өзекті мәселе болып табылатынын атап өтті.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша 2017 жыл Алматыда жастар жылы деп жарияланды. Біз "Жастарды қолдаудыӊ 2020 жылға дейінгі жол картасын" - қала үшін теӊдесі жоқ шаралар кешенін қамтитын құжатты жасадық. Жол картасы жастар арасында кеӊінен талқыланып Қоғамдық кеӊесте мақұлданды және қалалық мәслихатта бекітілді. Жол картасыныӊ басты мақсаты жастардыӊ жан-жақты дамуы мен өзін-өзі танытуына, оларды мегаполис жағдайындағы өмірге бейімдеуге жағдайлар жасауға саяды. Тұтастай алғанда бизнес пен оқу орындарын тарта отырып жұмыспен қамтудыӊ тиімді жүйесін құруды жоспарлап отырмыз. Ол үшін біз биыл жұмыспен қамту саласын қаржыландыру көлемін бес есе ұлғайттық, 5 млрд теӊге бөлінді", - деді Б.Байбек.

Баспасөз қызметініӊ нақтылауынша, қабылданған жастарды қолдаудыӊ 2020 жылға дейінгі жол картасы сапалы білім, жұмыспен қамту және еӊбек ету, бос уақытты мәдени өткізу және салауатты өмір салты, тұрғын үй және жас отбасыларын қолдау, сондай-ақ, белсенді жастар қаласы деген 5 шешуші бағыттан тұрады.

Жол картасын жүзеге асыруға жұмсалатын жалпы қаржы 7,2 млрд теӊгені құрайды. Атап айтсақ, бұрынғы трамвай паркініӊ аумағында Лофт-орталық ашылады, онда жастарға қызмет көрсету аймағы, коворкинг орталығы, 5 шеберхана, оқу залы, мәжіліс залы, English club, мемлекеттік тілді оқыту орталығы мен 10 білім беру секциясын ұйымдастыру көзделген. Лофт-орталықта жастардыӊ 25 үкіметтік емес ұйымы жұмыс істеп, олардыӊ тұрақты қызметіне 3 мыӊ адам жұмылдырылады. Сондай-ақ, Лофт-орталық негізінде басқа жақтан келген жастармен жұмыс жөніндегі орталық, Мәнсап орталығы және Жатақханаларды үйлестіру орталығы жұмыс істейтін болады. Яғни, жастар қажетті ақпараттыӊ барлығын және қолдауды, өз проблемаларын шешу мүмкіндігін бір жерден алып, өз мүдделерін жүзеге асыра алады,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жол картасыныӊ шеӊберінде Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесе отырып жастарға тұрғын үй сатып алуға жеӊілдетілген кредит беру мүмкіндігі ойластырылуда. Несие жылдық 5%-бен беріледі. Бұған қоса, жас отбасыларға арнап жатақханалар құрылысын салуға 3,7 млрд теӊге бөлінді. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру тетігі арқылы 320 жас отбасын немесе 1600 адамды осындай үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Жол картасыныӊ шеӊберінде жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударылған. Айталық, жастар тәжірибесі жобасына қатысушы жастардыӊ саны жыл сайын 500 адамнан 2000 адамға дейін артатын болады. Биыл түлектерді жастар тәжірибесі жобасына жолдау мақсатында қосымша 500 млн теӊге бөлінді.

Баспасөз қыцзметініӊ хабарлауынша, сондай-ақ, биыл алғаш рет жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарды шағын несиелендіруге 1 млрд теӊге бөлінген. Олардыӊ әрбіреуі өзініӊ бизнес-жоспарына 18 млн теӊгеге дейін шағын несие ала алады. Сонымен бірге, 8 мыӊнан астам жұмыссыздар Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында оқи алады. Жастар IT-технологияларды пайдалана отырып инновациялық мамандықтарды игеру мүмкіндігіне ие болады.

Биыл 2,5 мыӊ мектеп түлегі 16 759 теӊге мөлшеріндегі шәкіртақы мен бір реткі ыстық тамақ ала отырып, колледждерде тегін білім алуы үшін 495,8 млн теӊге бөлінді.

Жәрмеӊке шеӊберінде жастарға арнап түйіндемені қалай жасау керек, жұмыс берушіге қалай ұнау керек, өзін-өзі қалай дұрыс таныту керек, сондай-ақ, коммуникативтік машықтарды қалай дамыту керектігі туралы тренингтер өткізілді. Осындай іс-шара Орталық мешітте де өткізілген болатын. Таяу уақыттарда қала базарларында 54 мобильді жұмыспен қамту бөлімшелері ашылады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны