01.07.2019, 23:59 6462

Павлодар облысы Баянауыл ауданының прокуратурасы 1 мыңнан астам қызметкерлердің құқықтарын қорғады

Мемлекеттік кірістер басқармасымен салыстырулар жүргізу барысында кәсіпорынның 1 мыңнан астам қызметкеріне міндетті зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік міндеттемелер бойынша берешектерінің бар екендігі расталды.

Нұр-Сұлтан. 1 шілде. Kazakhstan Today - Павлодар облысы Баянауыл ауданының прокуратурасы 1 мыңнан астам қызметкерлердің құқықтарын қорғады.

Баянауыл ауданының прокуратурасы Павлодар облысының еңбек басқармасымен бірлесіп, "Майкубен-Вест" ЖШС разрезінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды, кездесу барысында кәсіпорынның 4 айдан астам уақыт бойы зейнетақы аударымдарын жүргізбегендігі анықталды.

Қызметкерлер аталған жағдай олардың банктерден қарыз алу және тұтынушылық несиелерді рәсімдеу құқығын шектейтіндігін атап өтті.

Мемлекеттік кірістер басқармасымен салыстырулар жүргізу барысында кәсіпорынның 1 мыңнан астам қызметкеріне міндетті зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік міндеттемелер бойынша берешектерінің бар екендігі расталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы Баянауыл ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысына ұсыну енгізді. Оның қаралу нәтижелері бойынша 114,5 млн. теңге мөлшеріндегі берешек толық көлемде өтелді, ал кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды(ӘҚБтК-нің 91-бабының 6-бөлігінің 5-тармағы, 92-бабының. 2-бөлігінің 2-тармағы, және 292-бабының 2-бөлігі бойынша).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны