02.08.2021, 22:09 7949

Алматыда тәуліктік коронавирус ауруы 1,5 мың адамнан асты

Бір апта ішінде Алматыда КВИ ауруын тіркеу 1,5 есеге өсті – 6 397-ден 9 852 жағдайға дейін, күнделікті өсім 1,7% құрады.
АЛМАТЫ. 2 ТАМЫЗ - Мегаполисте коронавирус жұқтырғандардың күнделікті тіркеуі 1500 жағдайдан асты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ә. Қалықованың айтуынша, шілдеде жұқтырғандар саны 25 500-ден асқан, жыл басынан бері Алматыда 81 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Соңғы төрт күнде 6 266 жұқтыру жағдайы тіркелді. 
 
Алматы эпидемиологтары тамыз айында КВИ инфекциясының 34,5 мың жағдайын, қыркүйекте –4,5 мың жағдайға дейін төмендеуін болжап отыр. 
 

Бір апта ішінде Алматыда КВИ ауруын тіркеу 1,5 есеге өсті – 6 397-ден 9 852 жағдайға дейін, күнделікті өсім 1,7% құрады. Өткен аптаға қарағанда симптомды науқастар үлесінің артуы 90%-дан 92%-ға өсті", - деді Әсел Қалықова. 

 
СЭБД басшысының орынбасарының айтуынша, жұқтырғандар санының өсуін тоқтату үшін қалада вакциналау қарқынын арттыру қажет. 
 

Бүгін біз жастар арасында дерттің асқынғанын және аурудың ауыр түрін тіркеудеміз. Бұл вирустың жаңа, жұқпалы штаммдарына байланысты. Инфекция тез таралады және жиі ауыр асқынуларға әкеледі. Оның таралуын тоқтатудың, тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы вакцинация", - деп жалғастырды сөзін Ә. Қалықова. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны