05.09.2022, 16:01 8156

Қазақстанда бизнеске қатысты заңсыз басталған 1,5 мыңға жуық қылмыстық іс тоқтатылды

Бұл ретте, кеңселерде 2 мың тінту мен алу жүргізілген, 60 кәсіпкердің мүлкі тәркіленген.
Қазақстанда бизнеске қатысты заңсыз басталған 1,5 мыңға жуық қылмыстық іс тоқтатылды
Сурет: Polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚЫРКҮЙЕК - Прокурорлар жекелеген тергеу органдарының штаттық мамандардың қорытындылары негізінде бизнеске қарсы іс қозғау практикасын кеңінен қолданғанын анықтады. Қылмыстық орбитаға жүздеген кәсіпкерлер тартылған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бас прокуратураның ақпараты бойынша, тек қана 2021 жылдан бастап заңсыз басталған 1,5 мыңға жуық қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл ретте, кеңселерде 2 мың тінту мен алу жүргізілген, 60 кәсіпкердің мүлкі тәркіленген.
 
Ведомствода атап өткендей, бұл ретте, мамандардың тұжырымдары жеткілікті мәліметтермен бекітілмеген және де сот сарапшылары тарапынан жиі теріске шығарылған.
 

Осыған байланысты, адал бизнесті қылмыстық орбитаға тарту фактілерін азайту мақсатында Бас прокуратура қылмыстық қудалау органдарының заңсыз іс-әрекеттері мен шешімдерінің жолына жедел тосқауыл қою үшін қосымша шаралар әзірледі. Бас Прокурор барлық қылмыстық қудалау органдарына кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеу тәртібін қатаң регламенттейтін нұсқау жолдады", - деді баспасөз қызметінде.

 
Атап айтқанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы арыздар мен хабарламаларды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркеуге тікелей тыйым салынды.
 
Жаңа талап ретінде тексеріс, ревизия немесе аудит актілеріне шағым жасау мерзімдерінің қолданылу кезеңінде кәсіпкерлік субъектісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеуге тыйым салу қағидаты енгізілді.
 
Сондай-ақ кәсіпкердің қаражатты үнемдеу нәтижесінде пайда табу фактілері, егер бұл орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер етпесе, тергеп-тексеруге жатпайды. Бұл бірінші кезекте мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік компаниялардың тендерлері бойынша жұмыстарға қатысты.
 
Бұған дейін хабарланғандай, 1,7 мыңнан астам кәсіпкер жыл басынан бері мемлекеттік органдар тарапынан заң бұзушылықтарға шағымданған болатын.
 
Өртке қарсы дабылды тексеру сыбайлас жемқорлық себептерінің топ-10-ына кіреді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны