04.07.2008, 10:12 1456

1 тамыздағы күн тұтылу ең жақсы көрінетін Алтай өңірі мыңдаған туристерді күтуде

1 тамыздағы күн тұтылу ең жақсы көрінетін Алтай өңірі мыңдаған туристерді күтуде

Павлодар. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - 1 тамыздағы толық күн тұтылу ең жақсы көрінетін Қазақстанмен шекаралас Ресей Федерациясының Алтай өңірі мыңдаған туристерді күтуде. Бұл туралы кеше "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Барнаул планетарийі" муниципалдық ұйымынан хабарлады.

Барнаул планетарийінің директоры, РФ еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Галина Шкловскаяның айтуынша, Барнаулдағы толық күн тұтылысын бақылау үшін 4 нүкте ашылады. Олардың ең бастысы планетарий ғимаратында орналасады.

Ғалымдардың хабарлауынша, ені шамамен 250 шақырымды құрайтын тұтылу жолағы Новосибирск - Ташанта федералдық тас жолдың үстінен өтеді.

Барнаул планетарийінің мамандарының ақпаратына сүйенсек, Астана уақытымен 15.48-де Ай дискісі Күннің оң жақ шетіне жанасады да жартылай тұтылу басталады. 16.47-де Ай Күнді толығымен жабады. Толық күн тұтылысы 2 минут 15 секунқа созылады да, 16.49-да Күн дискісінің оң жақ шеті Ай көлеңкесінен біртіндеп арыла бастайды. 17.48-де күн тұтылу толығымен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны