10.06.2008, 11:52 1173

2008 жылдың сәуір айында шағын және орта бизнесті тексерулер саны 68%-ға азайды

2008 жылдың сәуір айында шағын және орта бизнесті тексерулер саны 68%-ға азайды

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың сәуір айында 2007 жылғы сәуірмен салыстырғанда шағын және орта бизнесті тексерулер саны 68%-ға азайды. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында сөз алған ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоганн Меркель мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Егер 2008 жылдың наурыз айында 2007 жылғы наурызбен салыстырғанда тексерулер саны 43%-ға азайса, 2008 жылдың сәуір айында 2007 жылғы сәуірмен салыстырғанда шағын және орта бизнесті тексерулер саны 68%-ға азайды. Демек, шағын және орта бизнесті тексеруге қойылған мораторий қарқындана бастады", - деді И. Меркель.

Бас прокурор орынбасарының айтуынша, шағын және орта бизнесті ең көп тексерулер санитарлық-эпидемилогиялық және өртке қарсы күрес қызметінің үлесінде. "Шағын ж"не орта бизнесті тексерулер аясындағы олардың үлесі шамамен 87% құрайды", - деді ол.

Сонымен бірге И. Меркель "қазіргі таңда тексерулер жүргізуге қатысты біртұтас мемлекеттік стандарт деген жоқ" екенін атап өтті. "Барлық ұйымдар тексерулерді өз көзқарасына сай жүргізе береді", -деді ол.

Осыған байланысты республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов индустрия және сауда министрлігіне 2008 жылдың қыркүйек айына дейін шағын және орта бизнес субьектілерін тексерудің мемлекеттік стандарттарын жасауды тапсырды, тиісінше, "келесі жылдан бастап, мораторий аяқталған соң тексерулер стандарт бойынша жүргізілуге тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны