10.04.2012, 13:51 3585

2012 жылы санитарлық авиация тікұшақтары 160 шақыру қабылдаған

"Елімізде көшпелі емдеу-диагностикалық кешендер құрылып, медицинаның негізгі бағыттар бойынша ондаған орталықтар ашылды, көліктік медицина дамуда. Денсаулық сақтау саласында медициналық пойыздар, автокөліктер, медициналық авиация пайдаланылады", - деп атап өтті Елбасы Н.И.Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында.

Астана. 10-сәуір. Kazakhstan Today - 2012 жылы санитарлық авиация тікұшақтары 160 шақыру қабылдаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Елімізде көшпелі емдеу-диагностикалық кешендер құрылып, медицинаның негізгі бағыттар бойынша ондаған орталықтар ашылды, көліктік медицина дамуда. Денсаулық сақтау саласында медициналық пойыздар, автокөліктер, медициналық авиация пайдаланылады", - деп атап өтті Елбасы Н.И.Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2012 жылдың 3 айында санитарлық авиацияның дәрігерлері 200-ден астам науқасты қараған. Оның ішінде 133 адам жоғары білікті медициналық көмекке ие болу үшін Астана мен Алматы қалаларындағы республикалық клиникалар және облыстық клиникаларға жеткізілген. Ең көп шақырту түскен өңірлерге келетін болсақ, Шығыс Қазақстан облысынан 37 шақыру, Атырау облысынан 26 шақыру, Жамбыл облысынан 15 шақыру түскен.

Республикамызда жолда жарақат алған адамдарға шұғыл көмек көрсету үшін жедел көмек қызметі жетіліп, мобильді медицина дамуда. Көшпелі медициналық кешендер базасында оқыған дәрігерлер бригадасы 98 мыңнан астам адамға көмек көрсетіп, 115 мыңға жуық емдеу-диагностикалық зерттеулер жүргізген және профильді мамандар 86 мың консультация өткізген.

2011 жылы 180 телемедициналық орталық базасында жоғары білікті мамандар орналасқан жері өте қиын елді мекендерде тұратын науқастарды қоса алғанда, 16 мың диагностикалық консультация өткізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны