09.01.2013, 15:39 3194

2012 жылы жалгерлік тұрғын үй құрылысын салу жоспары артығымен орындалды

Қазақстанда 2012 жылы жоспардағы 180 мың шаршы метрдің орнына 220 мың шаршы метр жалгерлік тұрғын үй салынды, деп хабарлады бүгін ҚР Құрылыс және ТКШ агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Орталық филиалының ашылуына арналған баспасөз конференциясында.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылы жалгерлік тұрғын үй құрылысын салу жоспары артығымен орындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2012 жылы жоспардағы 180 мың шаршы метрдің орнына 220 мың шаршы метр жалгерлік тұрғын үй салынды, деп хабарлады бүгін ҚР Құрылыс және ТКШ агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Орталық филиалының ашылуына арналған баспасөз конференциясында.

"2012 жылы жалгерлік тұрғын үй салу жоспары артығымен орындалды, жоспардағы 180 мың шаршы метрдің орнына 220 мың шаршы метр жалгерлік тұрғын үй салынды, бұл 4 мыңнан астам әлеуметтік жағынан қорғалмаған қазақстандыққа жалгерлік үйдің иесі болуға мүмкіндік береді", - деді Н.Тихонюк.

Жалпы, жоспарланған 6 млн шаршы метрдің орнына 2012 жылы 6,5 млн ш. метр жұрғын үй салынған.

2013 жылға арналған міндеттердің арасында ҚТКША төрағасының орынбасары тұрғын үй құрылыс жинағы және соңынан сатылып алынатын жалгерлік тұрғын үй жүйесін дамытуды және 7 млн ш. метр тұрғын үй құрылысын салуды атады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны