28.02.2013, 14:38 6148

2013 жылдың 23 ақпанынан бастап "Астана - Бішкек" әуе рейсі ашылды

Аir Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ аптасына төрт рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері рейске шығады. Ұшу кестесі: Астана (21:45) - Бішкек (23:35); Бішкек (02:35) - Астана (04:15). Рейстерді сыйымдылығы 114 адамдық Embraer-190 әуе лайнері жүзеге асырады. Билеттің құны екі жақта да 41 мың 681 теңгені (14 мың сом көлемінде) құрайды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Астанадан Бішкекке тікелей әуе рейсі 2013 жылдың 23 ақпанынан бастап ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аir Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ аптасына төрт рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері рейске шығады. Ұшу кестесі: Астана (21:45) - Бішкек (23:35); Бішкек (02:35) - Астана (04:15). Рейстерді сыйымдылығы 114 адамдық Embraer-190 әуе лайнері жүзеге асырады. Билеттің құны екі жақта да 41 мың 681 теңгені (14 мың сом көлемінде) құрайды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айту керек, бұған дейін Бішкекке тек Алматыдан ғана ұшуға болатын, әуе қатынасы 2008 жылдың қарашасында ашылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны