14.02.2013, 12:56 3117

2013 жылы Көкшетауда 80 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, осы және қаланы абаттандыру жоспарлары туралы қала әкімі Мұнарбек Батырханов әңгімеледі.

Көкшетау. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Биыл Көкшетауда 80 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, осы және қаланы абаттандыру жоспарлары туралы қала әкімі Мұнарбек Батырханов әңгімеледі.

"Тұрғын үй салу жоспары 80 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде, мемлекеттік инвестициялар есебінен 27,5 мың шаршы метр (үш 30 пәтерлік тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша, 108 пәтерлік екі үй Иуезов көшесінде, 45 пәтерлік үй "Васильковский" солтүстік шағын ауданында) баспана беріледі; комерциялық тұрғын үй - 23,1 шаршы метр; жеке баспана- 29,4 шаршы метр", - деді Мұнарбек Бүркітбайұлы.

"Соңғы жылдары Ақмола облысы әкімдігінің қолдауының арқасында қалалық автокөлік жолдарын жақсарту шараларын қаржыландыру мөлшері айтарлықтай ұлғайды. 2013 жылы бұл жұмыстар жалғасады. Уәлиханов және Абай көшелеріне күрделі жөндеу жүргізіледі", - деп толықтырды әкім.

Бірқатар көшелер (Маяковский, Локомотивная, Потанин, Мирзоян, Кенесары және т.б.), оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жөндеуден өтеді.

"Қаржы алдымен ішкі квартал жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізуге бөлінеді", - деп атап өтті Батырханов.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, Сүлейменов, Маяковский көшелеріне, Иуезов - Тәшенов, Уәлиханов - Тәшенов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер бағдаршамдары орнатылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны