08.01.2015, 18:35 3774

2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар шешімімен Қазақстан аумағында 29462 шетел азаматы еӊбек етті

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованыӊ қатысуымен "ЕАЭО. Перспективалары және жаӊа мүмкіндіктері" тақырыбында брифинг өтті.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованыӊ қатысуымен "ЕАЭО. Перспективалары және жаӊа мүмкіндіктері" тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Светлана Жақыпова БАҚ өкілдерін ЕАЭО қатысушы мемлекеттерде жұмыс күшініӊ қозғалысын реттейтін заӊнамалық нормалармен және еӊбеккер-мигранттарға берілетін кепілдіктер туралы хабардар етті.

Вице-министр 2015 жылғы 1 қаӊтардан бастап қызметтер, тауарлар және капиталдыӊ, сондай-ақ жұмыс күштерініӊ еркін қозғалысына жағдай туғызатын Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шарт (бұдан әрі - Келісім-шарт) күшіне енгенін айтты. Келісім-шарт жұмыс жағдайларына; жасырын миграция ағындарын төмендетуге; ЕАЭО шеӊберінде әлеуметтік-экономикалық интеграция үрдістерін тереӊдетуге байланысты қатысушы мемлекеттердіӊ азаматтарыныӊ теӊ құқықтарын іске асыруға мүмкіндік туғызатынын хабарлады.

Ерекше атап өтсек, Келісім-шарттыӊ "Еӊбек миграциясы" деген XXVI тарауында келесі жағдайлар қарастырылған:

Жұмысқа орналасқан мемлекет аумағында еӊбеккердіӊ және оныӊ отбасы мүшелерініӊ уақытша мекендеуі (тұруы) жұмыс берушімен және (қызметтер) жұмыс тапсырушымен жасалған еӊбек және азаматтық-құқықтық шарт қолданысыныӊ мерзімімен белгіленеді.

Мезгілінен бұрын шарттыӊ бұзылуы жағдайында келген күніне 90 тәулік өткеннен кейін еӊбеккер-мигрант жұмысқа орналасқан мемлекет аумағынан шықпай-ақ 15 күн ішінде жаӊа еӊбек және азаматтық - құқықтық шарт жасауға құқығы бар.

Сондай-ақ, ішкі еӊбек нарығын қорғау мақсатында елдер белгілеген жұмысқа рұқсат алу рәсімдері алып тасталды.

Келісім-шарт еӊбеккер мигранттарын және олардыӊ отбасы мүшелерін жұмысқа орналасқан мемлекет аумағына кірген күнінен бастап 30 тәулік ішінде тіркеуден (келген жерінде тіркеуге отырудан) босатады. Басқа мемлекет аумағына кіргеніне 30 тәуліктен асқан жағдайда келген мемлекеттіӊ заӊнамасына сәйкес тіркелуге (есепке тұруға) міндетті.

Еӊбеккер-мигранттарды әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) жұмысқа орналасқан мемлекеттіӊ заӊнамасына сай іске асырылады. 2015 жылғы 1 қаӊтардан бастап жұмыс істейтін азаматтардыӊ еӊбек (сақтандыру) өтілі әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында жалпы еӊбек өтіліне қосылатын болады.

Еӊбеккер мен оныӊ отбасы мүшелерін зейнетақымен қамтамасыз ету тұрақты тұратын мемлекеттіӊ заӊнамасына, сондай-ақ, ұйымға мүше-мемлекеттер арасындағы жекеленген халықаралық келісім-шарттарға сай реттеледі. 2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық одағы Кеӊесініӊ шешімімен "Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісім-шарт жобасыныӊ тұжырамдамасы" мақұлданып, аталған құжат жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Еӊбеккер-мигранттар мен олардыӊ отбасы мүшелері жедел медициналық көмек (шұғыл және жедел түрінде) және өзге де медициналық жәрдем алуға құқылы. Жұмыс істейтін мемлекет аумағында еӊбеккер-мигрантпен бірге тұратын балалары сол елдіӊ заӊнамасына сәйкес мектепке дейінгі мекемелерге баруға құқылы.

Еске сала кетейік, 2014 жылы шетелдерден жұмыс күшін тартуға квота көлемі республиканыӊ экономикалық белсенді тұрғынына шаққанда 0,7% (63 мыӊ адам) көлемінде белгіленген еді.

2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар шешімімен Қазақстан аумағында 29462 шетел азаматы еӊбек етті. Шетелдерден жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер саны - 2577.

Тартылған шетелдік жұмыс күшініӊ негізгі үлесі келесі салаларға тиесілі:

құрылыс - 11,4 мыӊ адам (44,4%);

тау кен өндіру кәсіпорындары - 3,4 мыӊ адам (13,4%);

өӊдеу өндірісі - 1,4 мыӊ адам (5,4%).

2015 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота көлемі де республиканыӊ экономикалық белсенді тұрғынына шаққанда 0,7% (63,9 мыӊ адам) көлемінде белгіленді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны