03.03.2015, 09:31 4841

2014 жылы 417 мыӊнан астам азамат бала туылуына байланысты төленетін бір реттік жәрдемақы алды

"Балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" заӊға сәйкес 2014 жылы 417,8 мыӊ азаматқа бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы беріліп, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 26,1 млрд. теӊге жұмсалды

Астана. 3 наурыз. Kazakhstan Today - "Балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" заӊға сәйкес 2014 жылы 417,8 мыӊ азаматқа бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы беріліп, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 26,1 млрд. теӊге жұмсалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін жәмдемақы мөлшері 58 172 теӊгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 96 953 теӊге төленеді.

2015 жылы бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 28,4 млрд. теӊге қарастырылған.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны