03.03.2015, 14:43 3778

2014 жылы бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 31 млрд. теӊгеден астам қаражат бөлінді

Жәрдемақыныӊ мұндай түрін алушылардыӊ жылдық орташа саны 173,5 мыӊ адамды құрады. Ал жәрдемақыныӊ мөлшері балалардыӊ кезегіне қарай 10 668 теӊгеден 16 483 теӊге аралығында құрады.

Астана. 3 наурыз. Kazakhstan Today - 2014 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 31,1 млрд. теӊге бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жәрдемақыныӊ мұндай түрін алушылардыӊ жылдық орташа саны 173,5 мыӊ адамды құрады. Ал жәрдемақыныӊ мөлшері балалардыӊ кезегіне қарай 10 668 теӊгеден 16 483 теӊге аралығында құрады.

2015 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 35,4 млрд. теӊге қарастырылған.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны