09.02.2015, 21:02 4233

2015 жылы 1300-ден астам қазақстандық әскери қызметші пәтермен қамтамасыз етілетін болады

2009-2014 жылдар аралығында Қазақстанныӊ түрлі қалалары мен аумақтарында 6 336 пәтер (оныӊ ішінде, 63 жалға берілген), 273 пәтерлік 201 коттедж пайдалануға берілгендігін айта кеткен жөн.

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылы 1 324 қазақстандық әскери қызметші және олардыӊ отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, тұрғын үймен қамту Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Жаркент, Теміртау және Аягөз қалаларында, Гвардейск, Сарыөзек, Б.Момышұлы, Отар, Арнасай, Ақмол ауылдарында құрылыс, күрделі жөндеу мен сатып алу тәсілі арқылы пайдалануға берілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету - қазақстандық әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдаудыӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі. Осылайша әскери қызметшілер мен олардыӊ отбасыларыныӊ өмір сүру деӊгейі сапалы түрде жақсарып, әскери қызмет өтеу жерлерінде өмір сүру үшін жайлы жағдайлар жасалған пәтерлерде тұратын болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

2009-2014 жылдар аралығында Қазақстанныӊ түрлі қалалары мен аумақтарында 6 336 пәтер (оныӊ ішінде, 63 жалға берілген), 273 пәтерлік 201 коттедж пайдалануға берілгендігін айта кеткен жөн.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасыныӊ қолданыстағы заӊнамасына сәйкес, 2013 жылдыӊ 1 қаӊтарына келісімшарт бойынша еӊбек өтілі 10 жылға жетпеген әскерилерге қызметтік баспана беріледі немесе баспанамен қамтамасыз етілгенше пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы төленеді. Бүгінгі таӊда Қорғаныс министрлігінде қолданыстағы жүйемен қатар кейіннен ҚР Қорғаныс министрлігініӊ жеке меншігіне аударылатын жалға пәтерлер алу мәселесі қарастырылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны