15.05.2015, 16:04 3855

2015 жылы 16 мамырда сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Үш би" атты республикалық байқаудыӊ қорытындысы өтеді.

ЕҰУ заӊ факультетініӊ экология және кәсіпкерлік құқық кафедрасы ұйымдастырған байқау ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ вице-президенті, педагогика ғылымдарыныӊ докторы Тахир Балықбаев пен ҚР Иділет министрініӊ орынбасары Бақытжан Ибдірайымовтыӊ төрағалығымен мамыр айыныӊ басында бастау алған болатын

Алматы. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - ЕҰУ заӊ факультетініӊ экология және кәсіпкерлік құқық кафедрасы ұйымдастырған байқау ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ вице-президенті, педагогика ғылымдарыныӊ докторы Тахир Балықбаев пен ҚР Иділет министрініӊ орынбасары Бақытжан Ибдірайымовтыӊ төрағалығымен мамыр айыныӊ басында бастау алған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тұӊғыш рет өткізіліп отырған байқаудыӊ мақсаты - студент, магистрант, докторанттар арасында заӊ жүйесі бойынша ғылыммен айналысатын шығармашыл жас ғалымдарды анықтау. Жастардыӊ ғылымға деген қызығушылығын арттырып, 35 жасқа дейінгі оқытушылар мен ғылыми-зерттеу институттарыныӊ қызметкерлері, студенттер арасындағы нағыз дарындарды тауып, оларға қолдау көрсету.

Байқаудыӊ қорытынды кезеӊінде жүзден жүйріктер анықталып, жеӊімпаздарға салтанатты жағдайда марапат жасалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны