25.02.2015, 17:00 3795

2015 жылы 30 мыӊға жуық азамат Қазақстан Қарулы Күштерініӊ қатарын толықтырады

Көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны барысында (2015 жылғы сәуір-маусым) қазақстан армиясына әскерге шақыруды кейінге қалдыруға және әскерден босатылуға құқығы жоқ 15 мыӊға жуық әскерге шақыру жасындағы жасөспірім әскер қатарына шақырылады. Биылғы жылы мерзімді әскери қызметке барлығы 30 мыӊнан астам қазақстандық шақырылады деп жоспарлануда

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны барысында (2015 жылғы сәуір-маусым) қазақстан армиясына әскерге шақыруды кейінге қалдыруға және әскерден босатылуға құқығы жоқ 15 мыӊға жуық әскерге шақыру жасындағы жасөспірім әскер қатарына шақырылады. Биылғы жылы мерзімді әскери қызметке барлығы 30 мыӊнан астам қазақстандық шақырылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери бөлімдерді аймақтан тыс жасақтау ұстанымы бойынша жүзеге асырылады (яғни әскери қызметші өз облысынан басқа аймақта қызмет өткереді). Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

ҚР Қорғаныс министрлігі әскерге шақырған жас буынды облыстық жинау пунктерінен жөнелтер алдында әскери киіммен қамтамасыз етеді және әскери қызметін атқаратын әскери бөлім өкілдері олармен әӊгімелесу жүргізеді.

Сонымен қатар, еліміздіӊ барлық өӊірлерінде әскерге жөнелтер алдында салтанатты шығарып салу рәсімдері өтіп, оларға облыс (қала, аудан) әкімдері мен әскер қатарына шақырылушылардыӊ ата-аналары, ҰОС ардагерлері, тыл еӊбеккерлері, жергілікті және Ауған соғыстарына қатысқан жауынгерлер шақырылады.

2014 жылы ҚР Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы 25 мыӊ ер азамат шақырылғанын атап өткен жөн. Олар Отан алдындағы өз борыштарын лайықты атқарды.

Казақстан армиясыныӊ имиджін көтеру, әскери қызметті насихаттау үшін жыл бойы мектептер мен жоғарғы оқу орындарында "Искерге шақырылушы күні", "Жас армияшы күні", "Ерлік сабағы" деген атпен әскери-патриоттық акциялар өтеді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке шақыру "Искери қызмет және әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" ҚР Заӊына, сондай-ақ ҚР Президентініӊ "Искери қызметтіӊ белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарын 2015 жылдыӊ сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.

Елдіӊ барлық аймақтарында әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру және жүргізумен жергілікті атқару органдары (әкімдіктер) және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) айналысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны