15.01.2016, 15:47 4319

2016 ҚР ҚК-ніӊ әскери қызметшілері артиллериялық зеӊбіректерді жауынгерлік қолдану жөнінде практикалық дағдыны игеруде

11 қаӊтардан бастап осы жылы алғаш рет "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес артиллериялық бөлімшелер мамандарыныӊ оӊаша даярлығы басталды

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - 11 қаӊтардан бастап осы жылы алғаш рет "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес артиллериялық бөлімшелер мамандарыныӊ оӊаша даярлығы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сабақтарда тиеу-түсіру жұмыстары тетігініӊ құралдары қолданылды. Онда техникалық құралдардыӊ мүмкіндіктері мен оларды қолдану тәртібі көрсетіліп, зерделенді. Оқ-дәрілердіӊ сақталуын қамтамасыз ету жолдары мен тәсілдері, техникалық аумақта жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастырудыӊ негізгі қағидаттары түсіндірілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Артиллерия мамандары сабақтарда зеӊбіректердіӊ, аспаптар мен артиллериялық оқ-дәрілердіӊ құрылысын, тактика-техникалық сипаттамалары мен арналуын зерделейді, сондай-ақ ұдайы жауынгерлік әзірлікте пайдалану, қызмет көрсету мен сақтау, ұстау жөнінде алған білімдерін жетілдіреді.

Автомобильді техника жүргізушілері және жауынгерлік машиналардыӊ механик-жүргізушілерімен автомобильдер мен шынжыртабанды техниканы пайдалану ережелері мен құрылысы қаралды, әртүрлі жол және климаттық жағдайларда жол жүру мен машиналарды жүргізу ережелері зерделенді, бекітіліп берілген автомобильді сенімді жүргізу және оныӊ техникалық қызмет көрсетілуі, пайдалану барысында туындаған ақаулықтарды ағымдағы жөндеу және жою пысықталады, сабақтыӊ соӊында әскери қызметшілермен техникалық даярлық бойынша нормативтер пысықталады.

Артиллериялық батареялар командирлерініӊ арқасында есептоп бастықтары мен зеӊбірек көздеушілері артиллериялық зеӊбіректерді жауынгерлік қолдану жөнінде практикалық машықты меӊгеруде.

Техникалық қамтамасыз ету мамандарымен бөлім автоқызметініӊ бастығы майор Виталий Аютченко және реактивті артиллериялық дивизион командирініӊ қару-жарақ жөніндегі орынбасары капитан Сергей Кочетов сабақтардыӊ өткізілуін оқ-дәрілерді сақтау және есепке алу тәртібін айқындайтын басшылық құжаттардыӊ талаптарына сәйкес құрды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны