11.11.2015, 14:18 6735

2016 жылдан бастап "Адалдық алаӊы" сайты іске қосылады

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ел азаматтарын ашық келісімге қосылуға шақырады

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ел азаматтарын ашық келісімге қосылуға шақырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Экономикамызға кері әсерін тигізіп, билік пен бұқара арасында сенімсіздік туғызатын қылмыстыӊ алдын алуға бағытталған бастама агенттіктіӊ жеке парақшасында қолжетімді. Бар болғаны сайтқа кіріп, келісімге қосылсаӊыз болғаны, білікті мамандар іс-шаралар жоспарын құрастырады. Осылайша жеке және заӊды тұлғалар қоғамныӊ жегі құртына айналған жемқорлықпен бірлесе күреседі. Ал өз кезегінде агенттік арнайы жиындар өткізіп, өзекті мәселелерді шешу жолдарын іздестіреді. Сондай-ақ жаӊа жылдан бастап "Адалдық алаӊы" атты сайт іске қосылады, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Несіпбек Айтұлы, ақын:

- Осы келісімге бүкіл қоғамныӊ қатысуы дұрыс. Дегенмен сақтанатын жағдайлар бар. Өмір болғаннан кейін біреу біреуді жек көреді, біреумен тартысып жүреді. Сондықтан бұл жалпы науқанға айналып кетпеуі керек. Сенім телефоны арқылы жалған мәлімет беріп, халықтыӊ арасында дүрлігудіӊ қажеті жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны