18.02.2016, 11:22 4137

2016 жылдан бастап әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмек еліміздіӊ барлық аймақтарында пилоттық тәртіпте енгізілетін болады

Сонымен бірге, Министр 2014 жылдан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмек көрсетуді енгізудіӊ "Өрлеу" республикалық пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып келе жатқанын еске салды. 2015 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап осы тәріздес аймақтық пилоттық жобалар қосымша 38 аудандар мен қалаларда жергілікті бюджет есебінен іске асырылуда.

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеӊейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен бірге, Министр 2014 жылдан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмек көрсетуді енгізудіӊ "Өрлеу" республикалық пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып келе жатқанын еске салды. 2015 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап осы тәріздес аймақтық пилоттық жобалар қосымша 38 аудандар мен қалаларда жергілікті бюджет есебінен іске асырылуда.

Жалпы алғанда, республикалық және аймақтық пилоттық жобаларға 20,2 мыӊ адам қатысты. Оны жүзеге асырудыӊ нәтижесінде жоба қатысушыларыныӊ жан басына шаққандағы табысы 2 есеге ұлғайды: аймақтардағы АИК алушылары саны 31,8%-ға азайды, балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы (МБЖ) - 2,1%-ге; пилоттық жобаныӊ 90%-ға жуық еӊбекке жарамды қатысушыларын жұмыспен қамту шараларына қатыстырылды.

2015 жылы "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊ актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" ҚР Заӊы қабылданды. Заӊда 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап қазіргі таӊда аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік жәрдемақыныӊ үш түрін жаӊа форматта бір атаулы әлеуметтік көмек түріне ауыстыру қарастырылады.

"Заӊ нормаларын кеӊ көлемде жүзеге асыруға дайындалу мақсатында 2016 жылдан бастап әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек еліміздіӊ барлық аймақтарында пилоттық тәртіпте енгізілетін болады", - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны