02.02.2016, 11:31 4141

2016 жылы республикалық бюджеттен бала тууына байланысты және оныӊ бiр жасқа толғанға дейiнгі күтіміне төленетін жәрдемақыларға 68,2 млрд. теӊге бөлінді

2016 жылы республикалық бюджеттен бала тууына байланысты берілетін бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақыға 30,9 млрд. теӊге, бала күтімі жөнiндегi, ол бiр жасқа толғанға дейiн төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға 37,3 млрд. теӊге қарастырылып отыр

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылы республикалық бюджеттен бала тууына байланысты берілетін бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақыға 30,9 млрд. теӊге, бала күтімі жөнiндегi, ол бiр жасқа толғанға дейiн төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға 37,3 млрд. теӊге қарастырылып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 66 621 теӊгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 111 035 теӊге төленеді. Бірінші баланыӊ туылуына байланысты төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыныӊ мөлшері 12 217 теӊгені, екінші балаға - 14 445 теӊгені, үшінші балаға - 16 650 теӊгені, төрт және одан да көп балаларға берілетін қаржы көлемі 18 877 теӊгені құрап отыр.

Естеріӊізге сала кетейік, 2015 жылы жоғарыда аталған жәрдемақыларды төлеу мақсатында республикалық бюджеттен 56 млрд. теӊге бөлінген болатын.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны