28.10.2018, 13:13 4008

2018 жылдыӊ басынан бері Ақтөбе облысына 36 мыӊнан астам шетелдіктер келді

Бүгінде 325 шетелдіктер Қазақстан азаматтығын қабылдады. Өӊірге 402 шетел азаматы тұрақты тұруға келсе, ал ҚР-ныӊ 1400 азаматы басқа мемлекеттерге тұрақты қоныстану мақсатында көшіп кеткен.

Ақтөбе. 28 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ басынан бері Ақтөбе облысына 36 мыӊнан астам шетелдіктер келді.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы ІІД Көші-қон қызметі басқармасыныӊ сыртқы көші-қон бөлімініӊ бастығы Олбике Успанова хабарлады.

Оныӊ айтуынша, облыс аумағында тұрақты түрде 7 мыӊға жуық алыс және жақын шетел азаматтары тұрады.

"9 ай ішінде Ақтөбе облысына 36 мыӊнан астам шетелдіктер келіп, тіркелді. Азаматтардыӊ басым көпшілігі Өзбекстан, Ресей, Изірбайжан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген. 1775 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 476 шетелдік елден шығарылды, ал ҚР-на шетелдіктерді алып келудегі ережені бұзғандары үшін 239 қазақстандық жауапкершілікке тартылса, заӊсыз еӊбек қызметін жүзеге асырған 687 шетелдік, сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заӊсыз тартқаны үшін 102 жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылды", - деді Олбике Успанова.

Бүгінде 325 шетелдіктер Қазақстан азаматтығын қабылдады. Өӊірге 402 шетел азаматы тұрақты тұруға келсе, ал ҚР-ныӊ 1400 азаматы басқа мемлекеттерге тұрақты қоныстану мақсатында көшіп кеткен.

Жалпы, жыл басынан бері шетелдіктерге 17 түрлі 303 мыӊнан астам мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді. Ел аумағына келген шетелдіктерге мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту, оларға қолайлы жағдай жасаумен қатар, қызмет көрсету мерзімін 5 күннен 1 сағатқа дейін қысқарту мақсатында Ақтөбеде көші-қон орталығы ашылды. Орталық Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және қызмет беруші мен қызмет алушылар арасындағы байланыстарды тоқтату үшін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс жасайды.

Шетелдіктерге күн сайын 10 түрлі 200-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Соныӊ ішінде, оларға ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат беру құжаттарын ресімдеуге, алыс және жақын мемлекеттерден келген азаматтарды уақытша тіркеуді ресімдеу мен еӊбек иммигранттарына уақытша және тұрақты рұқсат беруді ресімдеуге, сондай-ақ т.б жұмыстар бойынша қызмет көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны