10.09.2018, 21:15 4978

2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Қазақстан Республикасынан шетелге шығатын балаларға жеке төлқұжат рәсімдеу қажет болады

Қазіргі уақытта мемлекеттерініӊ шекарасынан кіргізерде ата-анасымен ел аумағынан шыққан 16 жасқа дейінгі балаларда Қазақстан Республикасы төлқұжаты болуын міндеттейтін елдер көбейгені байқалады (мәселен, Шенген аумағындағы еуропалық мемлекеттер, АҚШ, БАИ және басқа елдер).

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заӊға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарыныӊ төлқұжатына 16 жасқа дейінгі балалары туралы жазу енгізілуі мүмкін, ата-аналарымен бірге шетелге барған жағдайда балалардыӊ фотосуреттері жапсырылады.

Илемдегі терроризм мен экстремизм қаупіне байланысты көптеген елдер өз шекарасынан өткізу тәртібін қатаӊдатты.

Илемдік қауымдастық төлқұжаттық-визалық бақылаудан өткізуді, жеке тұлғаны растау үлгілерін жетілдіріп, бүгінде биометриялық мәлеметтері бар құжаттар (цифрлы фотосуреттер, саусақ таӊбасы, көз шарасыныӊ кескіндемесі және т.б.) беруге көше бастады.

Қазіргі уақытта мемлекеттерініӊ шекарасынан кіргізерде ата-анасымен ел аумағынан шыққан 16 жасқа дейінгі балаларда Қазақстан Республикасы төлқұжаты болуын міндеттейтін елдер көбейгені байқалады (мәселен, Шенген аумағындағы еуропалық мемлекеттер, АҚШ, БАИ және басқа елдер).

Сондықтан, біздіӊ еліміздіӊ азаматтары басқа елдердіӊ шекарасынан еркін өтуін қамтамасыз ету үшін ІІМ ата-аналарыныӊ төлқұжатына 16 жасқа дейінгі балалардыӊ фотосуреттерін жапсыруды алып тастауды қарастыратын заӊға өзгерістер енгізеді. Соған сәйкес, шетелге шығатын балаларға жеке төлқұжат рәсімдеу қажет болады.

Бұл жаӊа өзгеріс 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан күшіне енеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны