20.04.2020, 13:29 9482

2020 жылы Қарағанды облысында автожолдарды жөндеу жобаларында 1500-ден астам жұмыс орны ашылады

Қарағанды. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында автомобиль жолдарын ретке келтіру жалғасуда. 2020 жылға 32 жоба жоспарланған, оларды іске асыру 1500-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Елдегі төтенше жағдай және облыстағы карантин шеңберіндегі шектеу шараларына қарамастан, тұрғын үй құрылысы және жолдарды жөндеу бойынша жоспарларды жүзеге асыру міндеті басымдыққа ие болып отыр, деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек селекторлық режимде өткен аппараттық кеңес барысында.

- Екінші бесжылдық аясында облыстық және аудандық маңызы бар 3 000 шақырымнан астам автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда. Бұл шамамен 7 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ға дейін жеткізіледі, - деді баяндамашы. - 2020 жылы 32 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде 20 учаскеге орташа жөндеу, бір жолға күрделі жөндеу, сондай-ақ жеті жол мен төрт көпірді қайта жаңарту жоспарлануда, - деп хабарлады Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов.

Оның айтуынша, биылғы жылы облыстық және аудандық маңызы бар 533 шақырым автожол жөндеуден өтеді. Барлық жол нысандарында 1 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдар көрсеткіші 84%-ға дейін артуы тиіс.

Новодолинка - Шахан - Молодецкое, Осакаровка - Молодежное, Қаражал - Атасу, Абай - Қарабас – Жартас - Долинка, Киевка - Шахтер - Пржевальское, Қарағанды - Үштөбе - Құрылыс.

Сондай-ақ, аппараттық кеңесте Қарқаралы мен Ұлытау аэродромдары құрылысының жоспары талқыланды. Жаңа құрылыс өңірдегі туризмді дамыту үшін қажет. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Жобаларды іске асыру 2022-2023 жылдары белгіленіп отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны