23.07.2018, 23:33 3659

20 шілдеде Алматы қаласында Орталық Азия аймақтық электр нарығы (CAREM) жобасын ұсынған "Қоршаған ортаны қорғау" жөніндегі жұмыс тобы жиналды

АҚШ Мемлекеттік хатшысыныӊ Орталық Азия бойынша көмекшісініӊ орынбасары Генри Эншер АҚШ делегациясын 20 шілдеде Алматы қаласында өткен, "C5+1" үшін Орталық Азия аймақтық электр нарығы (CAREM) жобасын ұсынған "Қоршаған ортаны қорғау" жөніндегі жұмыс тобына басшылық етті.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan Today - Шілденіӊ 20-нан 23-іне дейін АҚШ Үкіметініӊ қызметкерлері Орталық Азиядағы бес республиканыӊ жоғары деӊгейдегі делегацияларымен Қазақстанныӊ Алматы және Өзбекстанныӊ Ташкент қалаларында кездесіп, "Қоршаған ортаны қорғау, экономикалық байланыс және қауіпсіздік" жөніндегі ілгерілеу барысын "C5+1" үш жұмыс тобыныӊ құрамында талқылады. "C5+1" - бұл негізгі аймақтық дипломатиялық алаӊ, ол арқылы АҚШ пен Орталық Азияныӊ бес республикасы экономикалық интеграцияны алға жылжыту, экологиялық осалдылықты төмендету және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін атсалысады.

Мемлекеттік хатшыныӊ экономикалық және іскерлік мәселелер жөніндегі көмекшісі Маниша Сингх 20 шілдеде АҚШ делегациясын Алматыдағы "Экономикалық қатынастар" жөніндегі жұмыс тобын басқарды. Мемлекеттік хатшыныӊ көмекшісі Сингх экономикалық байланыстарды кеӊейту арқылы байланыстар мен сауда-саттықты нығайту мәселелерін талқылады. Азия елдері бойынша USAID басқарушысы көмекшісініӊ орынбасары Хавьер Пьедра қатысушыларға қазіргі уақыттағы "C5 + 1" экономикалық жобалары туралы баяндады, сонымен қатар, делегациялар болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысыныӊ Орталық Азия бойынша көмекшісініӊ орынбасары Генри Эншер АҚШ делегациясын 20 шілдеде Алматы қаласында өткен, "C5+1" үшін Орталық Азия аймақтық электр нарығы (CAREM) жобасын ұсынған "Қоршаған ортаны қорғау" жөніндегі жұмыс тобына басшылық етті.

23 шілдеде, Ташкентте Эншер мырза, АҚШ делегациясына "Қауіпсіздік" жөніндегі жұмыс тобында басшылық етті. Қатысушылар терроризмге қарсы іс-қимыл және шекара қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ аймақтағы зорлық-зомбылықты жоюға қарсы әрекет ету және зорлық-зомбылықтыӊ радикалдандырылуына жол бермеу үшін қоғамныӊ қатысуына бағытталған жұмыс тобыныӊ алғашқы екі жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны