27.02.2015, 09:36 3846

27 ақпанда Қазақстанныӊ шығысында қар жауып, жаяу борасын соғады

27 ақпанда Қазақстанныӊ бүкіл аумағы бұрынғыша антициклон ықпалында болады, елдіӊ шығысында ғана атмосфералық ағындардыӊ өтуімен кей жерлерде қар жауып, жаяу борасын соғады, жел күшейеді. Кейбір жерлерде тұман түседі

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - 27 ақпанда Қазақстанныӊ бүкіл аумағы бұрынғыша антициклон ықпалында болады, елдіӊ шығысында ғана атмосфералық ағындардыӊ өтуімен кей жерлерде қар жауып, жаяу борасын соғады, жел күшейеді. Кейбір жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Оӊтүстік Қазақстан, түнде Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаӊашкөл ауданында желдіӊ күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысында кей жерлерде жел 18 м/с-қа дейін күшейіп, жаяу борасын көтеріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны