11.07.2016, 11:57 3583

2,6 млн.дана бекіре тұқымдас балық түрлерініӊ шабақтары Жайық өзеніне жіберілді

2,6 млн.дана бекіре тұқымдас балық түрлерініӊ шабақтары Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытыныӊ өсіру тоғандарынан Жайық өзеніне жіберілді. Оныӊ ішінде 900 мыӊ данасы бекіре шабағы және 1,7 млн. дана шоқыр шабағы

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - 2,6 млн.дана бекіре тұқымдас балық түрлерініӊ шабақтары Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытыныӊ өсіру тоғандарынан Жайық өзеніне жіберілді. Оныӊ ішінде 900 мыӊ данасы бекіре шабағы және 1,7 млн. дана шоқыр шабағы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетініӊ балық қорын қалпына келтіретін кәсіпорындары жыл сайын "Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін басқару, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша 168,4 млн. дана құнды балық түрлерініӊ шабақтарын жасанды өсіріп әрі қарай табиғи мекен ету ортасына жібереді.

Балық шабақтарын өсіру биотехнологиясына сәйкес құнды балық түрлерініӊ шабақтарын өсіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны