23.11.2020, 23:14 12786

48 hour film race Орталық Азиялық байқауының финалистері белгілі болды

Топ-48 финалистер тізіміне іліккен фильмдерді байқаудың YouTube арнасынан көріп, ұнаған фильмге дауыс беруге болады.

Алматы. 23 қараша. Kazakhstan Today - Бесінші "48 сағатта кино түсіру" байқауы Орталық Азияның жаңа бастаған және тәжірибелі кинематографистері арасында жоғары сұранысқа ие екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Байқау ұйымдастырушылары 300-дің ішіндегі үздіктер, яғни Топ-48 финалист фильмді таңдады. Ал желтоқсан айында жеңімпаздардың атын жариялауды жоспарлап отыр.

Жаһандық пандемияға қарамастан, жыл сайынғы "48 сағаттық кино түсіру" байқауының өзектілігі азайған емес. АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігінің қолдауымен ол қысқа метражды кино арқылы сторителлинг дағдысын дамытуға бағытталған. Қатысушыға қойылатын талап - 4-минуттық фильм арқылы бір әңгімені баяндау, және оған 48 сағат уақыт беріледі. Байқау әуесқойларға да, тәжірибесі бар режиссерлерге бірдейарналған.

АҚШ Бас консулдығының Мәдениет атташесі Стефани Страфаченің айтуынша, көктемге жоспарланған байқауды 2020 жылдың күзіне ауыстыруға. "Биыл фестивальді ұйымдастырмаймыз-ау деп аса ойлаған емеспіз. Біз жыл сайын қолдау көрсететін ең ірі жобалардың бірі биыл да Орталық Азияның кино әуесқойларының басын қосады деп үміттендік. Пандемияға байланысты қиын жағдайда түсірілсе де, талай сапалы фильм келіп түсті. Бұл осы аймақтың тұрғындарының шығармашылық қабілетінің көрінісі, ал 48 Hour Film Race - сол қабілетті көрсететін жер!", деп бөлісті Консулдық өкілі.

Мерейтойлық шығарылымның жағымды жаңалығы - Нью-Йорк кино академиясымен серіктестік болды. Байқау қорытындысы бойынша үш жеңімпаз киноакадемияда онлайн оқу курсынан өтуге арналған стипендияға ие болады. Жеңімпаздарға алты бағыттың бірі бойынша 15 апталық курсты таңдау ұсынылады. Жеңімпаздар "Үздік фильм", "Үздік режиссер", "Үздік сценарий" номинациялары бойынша анықталады. Сондай-ақ, алғаш рет Интернет қолданушылары "Көрермендер көзайымы сыйлығы" санатындағы сүйікті фильм үшін өз дауыстарын бере алады.

Байқауды қазақстандық Technodom компаниясы тағы да қолдады, ол жүлде қоры ретінде әуесқойлар үшін де, кәсіпқойлар үшін де түрлі баға санатындағы Sony компаниясының үш цифрлық фотоаппаратын ұсынады.

Гала көрсетілім мен жеңімпаздарды іріктеу желтоқсан айына жоспарланған. Фестивальді ұйымдастырушы және Дипломатиялық миссияның серіктесі Андрей Мануйлов виртуалды гала-кештің бұрындары дәстүрлі түрде Алматыда өтетін кешпен салыстыруға келмейтінін мойындайды. "Кинотеатрлар біртіндеп ашыла бастағанына қарамастан, өткен жылдардағыдай Қазақстан қалаларында және өңірдің басқа да елдерінде көрсетілім ұйымдастырудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Қазіргі жағдай қанда болса да, биыл байқауға 967 команда тіркелді, олардың 300-і өз фильмдерін жіберді. Біз бұл нәтижеге өте ризамыз және көп ұзамай іріктеу тобы. Бір ай бойы іріктеушілер алқасы конкурстық фильмдерді мұқият бағалап, финалистердің тізімін көпшілікке ұсынуға дайынбыз", - деп бөлісті Андрей.

Топ-48 финалистер тізіміне іліккен фильмдерді байқаудың YouTube арнасынан көріп, ұнаған фильмге дауыс беруге болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны