30.07.2021, 21:29 9475

Алматыда бірқатар ғимараттар 5 күн бойы ыстық сумен жабдықтаудан ажыратылады

9-13 тамыз аралығында Медеу ауданы Гурилев - Үштөбе - Тәтібеков - Блок көшелерінің квадратында орналасқан ғимараттарға ыстық су келмейді.
АЛМАТЫ. 30 ШІЛДЕ - Медеу ауданында бірнеше көше тұрғындары бес күн бойы ыстық сумен жабдықтаудан ажыратылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
9-13 тамыз аралығында Медеу ауданы Гурилев - Үштөбе - Тәтібеков - Блок көшелерінің квадратында орналасқан ғимараттарға ыстық су келмейді, деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" компаниясы.
 
Қазандықта жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты шектеулер енгізіледі. 
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар ғимараттар суық судан 17.00-ге дейін ажыратылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны