08.08.2013, 13:35 8319

7 айда ТЖМ суда құтқару қызметтері 800-ге жуық адамды құтқарды

"Үстіміздегі жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің суда құтқару қызметінің құтқарушылары 777 адамды, оның ішінде 209 баланы құтқарды", - делінген ТЖМ мәлімдемесінде.

Астана. 8-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің суда құтқару қызметі 777 адамды құтқарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. .

"Үстіміздегі жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің суда құтқару қызметінің құтқарушылары 777 адамды, оның ішінде 209 баланы құтқарды", - делінген ТЖМ мәлімдемесінде.

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, 2013 жылдың өткен 7 айында еліміздің су қоймаларында 1078 адам (оның ішінде 259 бала) апатқа ұшырады, бұл 2012 жылдың сәйкес мерзімінен 28 %-ға аз.

Оған қоса, үстіміздегі жылы 301 адам, оның ішінде 50 бала суға батқан, бұл 2012 жылдың 7 айынан 25 %-ға аз.

"Үсіміздегі жылдың 7 айында суға батқандардың ең көп саны Алматы облысының су қоймаларында 63 адам, Қостанай облысы - 28 адам, Солтүстік Қазақстан облысы - 27 адам және Қызылорда облысы - 25 адам", - деп атап өтті ведомствода.

Айта кету керек, адамдардың су қоймаларында опат болуының негізгі себептері азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы және жабдықталмаған орындарда шомылуы.

Осылайша, ТЖМ мәліметінше, опат болудың 158 оқиғасы жүзу білмеуден, шомылу кезінде күшін дұрыс бағаламаудан, құтқарудың жеке құралдарының болмауынан, 93 оқиға мас күйінде шомылудан, 50 оқиға балалардың ересектердің қарауынсыз су қоймаларының жанында шомылуынан туындаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны