07.02.2013, 09:48 3823

7 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауып, кей жерлерде қарлы бұрқасынмен жел соғады, тұман түсіп, жекелеген аудандарда көктайғақ орнайды, тек республиканың оңтүстік және батыс аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Астана. 7-ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" РМК-нің болжамынша, ертең Қазақстанның түгел дерлік аумағы атмосфералық ағымдардың ықпалында болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауып, кей жерлерде қарлы бұрқасынмен жел соғады, тұман түсіп, жекелеген аудандарда көктайғақ орнайды, тек республиканың оңтүстік және батыс аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қарлы бұрқасын аралас жел соғады, Қостанай, түнде Ақмола, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі деп күтілуде.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ орнап, 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысында тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, кейде оның екпіні 27 м/с-қа жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны