11.02.2019, 19:35 10931

Ералы Тоғжанов Маңғыстау ауданы әкімінің есебін тыңдап, халықпен кездесті

Мектеп бітіруші 404 оқушының 365-і ЖОО-на, 39-ы колледждерге оқуға түсті. 191 бітіруші мемлекеттік грант иегері атанса, 25 бітіруші облыс әкімінің грантын жеңіп алды.

Ақтау. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау ауданы әкімінің есебін тыңдап, халықпен кездесті. Аудан басшысы Жармағамбет Айтуаровтың мәліметі бойынша өткен жылы 2275 жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлер палатасының филиалына "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін 215 адам оқып, сертификаттарыналды, оның 48-і 217,5 млн. теңге несие алып, өзін-өзі жұмыспен қамтыды.

Кәсіпкерлік саласында бүгінгі таңда Маңғыстау ауданында 9 наубайхана, 34 тамақ беру орталығы (шайхана, асхана), 3 қонақ үй, 18 шаштараз, сұлулық салоны, фотосалон, тігін цехтары т.б.-44, 15 мейрамхана, 5 супермаркет, 31 шағынмаркет, 191 азық-түлік дүкендері, 68 тұрмыстық бұйымдар, аралас дүкендері, 10 дәріхана, 3 медициналық қызмет көрсету орталығы, 48 автокөлікке қызмет көрсету орталығы, 2 жанар-жағармай бекеті, 35 сұйытылған газ құю бекеттері халыққа қызмет көрсетеді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың "Нұр капитал" өңірлік бағдарламасы аясында Маңғыстау ауданы бойынша жалпы сомасы 662,1 млн. теңге (261 жұмыс орны) 35 бизнес-жоба тапсырылды, оның ішінде жалпы сомасы 526,6 млн. теңге (179 жұмыс орны) 26 жобалары мақұлданып, екінші дәрежелі банктерге құжаттары тапсырылды, одан 6адамға 87,0 млн. теңге несие берілді.

Білім беру саласы

Аудан бойынша 2018 жылы ҰБТ-ге 404 мектеп бітірушінің 95,6 пайызы қатысып, ҰБТ-ның орта балы 89,4 болды. Алтын белгіге үміткер 26 мектеп бітіруші үздік білімін қорғады. 16 оқушы үздік аттестат иегері атанды. Мектеп бітіруші 404 оқушының 365-і ЖОО-на, 39-ы колледждерге оқуға түсті. 191 бітіруші мемлекеттік грант иегері атанса, 25 бітіруші облыс әкімінің грантын жеңіп алды.

Автомобиль жолдары

Шетпе-Қызан автомобиль жолының 49-85 шақырым (Тасмұрын-Мәстек аралығы) аралығын қайта құрылымдау бойынша 2018 жылы 5 шақырым автокөлік жолының негізі салынды.

Қызан ауыл ішілік 5,7 шақырым жол асфальттанып, пайдалануға берілді.

2018 жыл ішінде "Қазына-Маңғыстау" ЖШС, "Теміртас-1" ЖШС, "Шетпе Тас" ЖШС және "Абат" ЖШС демеушілік көмегімен Қарашоқы, Шетпе-1, Ащыбұлақ шағын аудандарының көшелеріндегі көлік жолдары күреліп, жолсұлбасы салынып берілді.

Сонымен бірге, "Жыңғылды-Шайыр-Шерқала аймағы" автокөлік жолын қайта құрылымдау бойынша 19 шақырым автокөлік жолының негізі салынды. Қалған жұмыстары осы жылы жалғасуы тиіс.

Егін шаруашылығында 2017 жылы егіннен 3887,98 тонна өнім алынса, 2018 жылы 3912,75 тонна өнім алынды. Қазіргі таңда аудан көлемінде жеке азаматтардың жылыжайлар салуы қолға алынып келеді. 2017 жылы 3 жылыжай салынса, 2018 жылы 5 жылыжай салынған.

Ауылдық елді мекендердің орталық сумен жабдықтау бойынша үлесі 2018 жылдың қорытындысымен 67% құрап отыр. Жалпы ұзындығы 33,5 шақырым Жыңғылды ауылдық округіндегі ауылдарды ауыз және техникалық сумен қамтамасыз ету құрылысының жұмыстары жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы 7,1 шақырым Жармыш ауылына кентішілік су құбырын салу және қайта құрылымдау жұмыстары толықтай аяқталды. Жалпы ұзындығы 18,6 шақырым Қазба-Ақшымырау су құбыры құрылыс-монтаждау жұмыстары толықтай аяқталды.Жалпы ұзындығы 23 шақырым Басқұдық - Бекі топтық су құбырын қайта құрылымдау құрылысы салынып, жұмыстары аяқталды.

Бұқаралық спортты дамыту Аудан бойынша спортшылардың жетістіктері өте жоғары. 2018 жылы ауданымыздан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне 10 үміткер шықты. Мүмкіндігі шектеулі 1 спортшы спорт шебері атанса, 2 спортшы спорт шеберіне үміткер атағына ие болды. Әлем чемпионатына 1 спортшы қатысып, қола жүлде иегері, Әлем Кубогына 3 спортшы қатысып, екеуі 1 орын, біреуі 2 орын алды. Азия Кубогына 7 спортшы қатысып, үшеуі 1 орын, біреуі 2 орын, үшеуі 3 орын, Азия Чемпионатына 5 спортшы қатысып, біреуі 1 орын, біреуі 2 орын, үшеуі 3 орынды иеленді. Халықаралық турнирлерге 87, ҚР Чемпионаттарына 71 спортшы қатысып, жүлделі орындарды қанжығаларына байлаған.Аудан әкімінің есебінен соң облыс басшысы Ералы Тоғжанов Шайыр, Жыңғылды ауылының халқымен кездесті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны