01.12.2019, 20:13 28814

Әскери дәрігерлер жедел емдеудің жаңа әдісін қолданды

Мұндай операциялық емдеудің ерекшелігі - монитор арқылы бейнебақылау мен бақылауды пайдалану болып табылады. Бұл өз кезегінде операцияда жарақат аз болады. Манипуляциялар тілімсіз, тек тесу арқылы, орындалады. Бұл науқастың тез қалпына келуіне өз септігін тигізеді.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Әскери дәрігерлер жедел емдеудің жаңа әдісін қолданды.

ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталі травматологиялық бөлімінің дәрігерлері алғаш рет Нұр-Cұлтан қаласында әскери қызметшіге тізе буынының патологиясын жаңа әдістеме бойынша жедел емдеуді жүргізді.

Травматологиялық бөлімнің бастығы медицина қызметінің подполковнигі Әділет Ақтаевтың айтуынша, жоспарланған операция артроскопиялық құрал-жабдықтардың көмегімен өткізілген.

Мұндай операциялық емдеудің ерекшелігі - монитор арқылы бейнебақылау мен бақылауды пайдалану болып табылады. Бұл өз кезегінде операцияда жарақат аз болады. Манипуляциялар тілімсіз, тек тесу арқылы, орындалады. Бұл науқастың тез қалпына келуіне өз септігін тигізеді.

Әскери госпитальда хабарлағандай, қазіргі уақытта операция жасалған әскери қызметші өзін жақсы сезініп, аяққа тұруда. Келесі аптада жоспарлы түрде әскери дәрігерлер иық буынының патологиясы бар басқа науқасты жедел емдеуді жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны