03.02.2020, 18:53 4053

"Мүгедектерді әлеуметтік қорғау" порталында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жаңа функционал іске қосылды

Портал арқылы нысанның қол жетімділігін бағалауға және ЭЦҚ қол қоятын пікір немесе өтініш қалдыруға болады.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan Today - "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау" порталында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жаңа функционал іске қосылды.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (бұдан әрі - ЕРДО) мамандары "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау" интернет-ресурсының (https://inva.gov.kz) функционалына ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жабдықталған 30 мыңнан астам объектінің орналасқан жерін анықтауға және танысуға болатын қолжетімділіктің интерактивті картасын қосты.

Әрбір өңір бойынша қолжетімді объектілер туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдар енгізді, мекенжай деректерін дұрыс көрсету "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінің анықтамалықтарының көмегімен бақыланады.

"Портал қазіргі уақытта тестіленуде, бірақ техникалық құжаттама бекітілді. Портал модераторлары оқудан өтті. Мәліметтерді орналастыру және өзектендіру бойынша регламентті әзірлеу және Порталды ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне портал дайындау жүргізілуде, нәтижесінде пайдалануға берілетін боламыз", - деп хабарлады ЕРДО Интернет-ресурстар департаментінің директоры Николай Брюханов.

Портал арқылы нысанның қол жетімділігін бағалауға және ЭЦҚ қол қоятын пікір немесе өтініш қалдыруға болады.

"Екінші тоқсанда "МОДБ" ААЖ-мен ықпалдастыру жоспарланып отыр, оның арқасында порталға келушілерге түрлі көрсеткіштер бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдар бойынша өзекті статистикалық мәліметтер қолжетімді болады", - деп толықтырды Николай Брюханов.

Екінші жартыжылдықта объектілердің қолжетімділігі туралы есептілікті автоматты түрде қалыптастыру мүмкіндігі енгізілетін болады, ол әзірше жергілікті атқарушы органдар қол режимінде қалыптастырады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны