09.04.2020, 13:48 5257

Теміржолшылар әріптестері үшін маскалар тігуде

Жаңадан іске кіріскен тігіншілер күн сайын өз әріптестері - дистанция электромонтерлері мен электромеханиктеріне тыныс жолдарын қорғау үшін 50 көп мәрте пайдаланылатын 50 маскадан тігіп таратуда.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Теміржолшылар әріптестері үшін маскалар тігуде.

Бүгінде, әлем COVID - 19 коронавирус індеті пандемиясымен күресіп жатқан кезде теміржолшылар да сырт қала алмайды. "ҚТЖ 2020 Қайырымды ісі" бастамасының шеңберінде қашықтан жұмыс кестесіне ауыстырылған Көкшетау белгі беру және байланыс дистанциясының механиктері тігін машинкаларына отырып жаңа мамандықты - тігіншілікті игеруде.

Жаңадан іске кіріскен тігіншілер күн сайын өз әріптестері - дистанция электромонтерлері мен электромеханиктеріне тыныс жолдарын қорғау үшін 50 көп мәрте пайдаланылатын 50 маскадан тігіп таратуда. Өйткені олар, еліміз үшін күрделі кезеңде өндірісте еңбек етуде.

- Қазіргі уақытта - бұл қайырымды да маңызды еңбек. Медициналық масканың жетіспеушілігінің жағдайы жұмысшыларға өз жұмыстарын денсаулық үшін қауіпсіз атқаруда кедергі болмауы тиіс, - дейді дистанцияның бас инженері Серік Базарбаев. .

Оның сөзіне қарағанда, теміржолшылармен әзірленген маскалар, өндіріске жөнелтілерден бұрын мұқият өңделуден өткізіледі.

Маскалар өте сапалы. Бұл жұқтыруды болдырмауға тамаша тәсіл. Оның үстіне олар ұқыптылықпен және мұқияттылықпен немқұрайлы емес әріптестерінің қолымен тігілген.

Дистанцияда коронавирус ауруының алдые алу жөніндегі барлық санитарлық-алдын алу шаралары қабылданғандығын атап өтпекпіз. Ғимараттар кесте бойынша қатан зарарсыздандырылып, маскалық режим енгізіліп, қолды зарарсыздандыру үшін антисептикалық құралдары бар диспенсерлер орнатылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны