13.10.2020, 19:23 9543

Алматылықтарға коронавирустың ықтимал жаңа толқыны басталар алдында ұсыныстар берілді

барлық күндері ойын-сауық орындарының ( түнгі клубтар, караоке) және арнайы тамақтану нысандарының (банкет залдары, барлар, фудкорт); сондай-ақ жексенбі күндері азық-түліктік және азық-түліктік емес жабық базарлардың жұмысына тыйым салуды сақтау;

Алматы. 13 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда әуежай мен қоғамдық орындарда бақылау күшейтілді: қала тұрғындарына қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

Әлемдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Алматы қаласында коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар іске асырылуда. Коронавирус инфекциясының жұқтыру көзі оның сырттан келетінін және оның қала ішінде таралатынын ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша кешенді шараларды қабылдауда.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін Алматы қаласының Халықаралық әуежайында тұрақты түрде елімізге шетелден келетін азаматтарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Мақсаты - ұшып келгендер арасында коронавирус инфекциясын анықтауға арналған тесттен өткені туралы анықтамасы жоқ азаматтарды анықтау, және сәйкес диагностиканы жүргізу үшін жедел оқшаулау.

Биылғы жылдың 12-13 қазаны аралығында шетелден Алматы қаласына 1456 жолаушысы бар 11 әуе рейсі келді. 207 жолаушының анықтамасы жоқ болып шықты. COVID-19-ға тест тапсырғаны туралы анықтамасы жоқ жолаушылардың бәрі қонақүйлер жанынан құрылған карантиндік стационарларға коронавирус инфекциясына лабораториялық тексеру жүргізу үшін оқшауланды.

Өз кезегінде, жұқтыруды болдырмау мақсатында қала аумағында карантин шараларының бұзылу фактілерін анықтауға және қауіпсіздіктің санитарлық-эпидемиялық талаптарын одан ары орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған 26 мониторингтік топ қызмет етуде.

Ағымдағы жылдың 12-13 қазан аралығында карантин талаптарының сақталуы бойынша 243 тексеру шаралары жүргізілді, 27 нысанда тәртіпбұзушылықтар анықталды, маска режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-тармағы бойынша 5 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызметіне тыйым салынған, сонымен бірге, жұмыс режимінде Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 15.08.2020 жылғы № 56 қаулысындағы талаптарды бұзған нысандар анықталды. Олардың ішінде: Мақатаев көшесі, 53 мекенжайындағы (Медеу ауданы) "Шанс" бинго клубы, Розыбакиев көшесі, 49 мекенжайындағы (Бостандық ауданы) "Сансабиль" дәмханасы, Бөкейханов көшесі, 44 А мекенжайындағы "King Beer Halal Burgers" дәмханасы, Федоров көшесі, 24 мекенжайындағы (Жетісу ауданы) "Луна" дәмханасы, 6 шағын аудандағы 3Б үй мекенжайындағы "Дуэль" компьтерлік клубы, 6 шағын аудандағы 11 үй мекенжайындағы (Әуезов ауданы) "Монстр" компьютерлік клубы бар.

Осыған дейін, 2020 жылдың 8-12 қазаны аралығында мониторингтік топтар кәсіпкерлік нысандары бойынша (қоғамдық тамақтану нысандары, сауда нысандары (базарлар, азық-түлік дүкендері, сауда орталықтары, қызмет көрсету нысандары (сұлулық салондары, моншалар және т.с.с) 848 тексеру жүргізілді. 115 нысан бойынша бұзушылықтар анықталды, маска тағу режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚ Кодексінің 425-бабының 1-тармағы бойынша 37 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қызмет етуіне тыйым салынған нысандар, сонымен қатар Алматы қаласының БМСД 15.08.2020 жылғы №56 қаулысына сәйкес, жұмыс істеу режимін бұзған - түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, караоке клубтары анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

Қалада кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ, жеке тұлғалар тарапынан санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуы жалғасып жатқанын ескере отырып, Алматы қаласының Өңірлік коммникациялар қызметі Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықовадан коронавирус инфекциясына қатысты кеңінен тараған сұрақтар және алдын алу шаралары жөнінде сұхбат алды.

- Қала тұрғындары арасында жұқтыру қаупін азайту үшін не істеу керек?

- Қала тұрғындары арасында жұқтыру қаупін азайту үшін мыналарды қамтамасыз ету қажет:

1. көпшілік іс-шараларға (отбасылық, естелік, салтанатты тойлар, мерейтойлар, ас, еске алу, ойын-сауық, кинотеатрлар, көрермендердің қатысуымен спорттық т.б.шаралар), оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларға қатысты тыйымның сақталуы;

2. барлық күндері ойын-сауық орындарының ( түнгі клубтар, караоке) және арнайы тамақтану нысандарының (банкет залдары, барлар, фудкорт); сондай-ақ жексенбі күндері азық-түліктік және азық-түліктік емес жабық базарлардың жұмысына тыйым салуды сақтау;

3. меншік нысанына қарамастан, қалалық нысандардың жұмыс берушілері қызметкерлердің көп бөлігін, бірінші кезекте 50 жастан асқан қызметкерлердің жұмысын қашықтан қамтамасыз ету;

4. мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің,балабақшалардың бастауыш сыныптарындағы кезекші топтардың жұмысын жалғастыра отырып, білім беру мекемелерінің (мектептер, балаларды түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары) қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

5. көп пәтерлі үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарын профилактикалық дезинфекциялауды жаңарту (аптасына 3 рет)

6. қоғамдық көлікте, қоғамдық тамақтану нысандарында және демалыс орындарында (саябақтарда, бульварларда, гүлзарларда және т.б.) әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтауды шектеу тексерулерінің сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын қайта бастау.

- Маска режимін сақтаудың қажеттілігі неде?

- Қоғамдық орындарда, адамдар көп өтетін көшелерде, оның ішінде қоғамдық көлікте бетперде кию вирустың ауамен таралуына жол бермейді. Өздеріңіз білетіндей, адамдар коронавирус инфекциясымен симптомсыз ауыруы мүмкін және бұл туралы білместен, қоғамдық орындарда жүрген кезде маскаларды қолданбау арқылы басқаларға жұқтыру қаупін тудырады. Әрине, тығыз байланыста немесе бір бөлмеде ұзақ уақыт болған кезде маскалар вирустардан кепілдендірілген қорғауды қамтамасыз етпейді, бірақ бұл ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді. Барлық адамдардың маскаларды қолдануы қоғамдағы ықтимал науқастың 90% - на дейін жұқтыру қаупін азайтады.

- Өзіңізді қорғау үшін қоғамдық көлікпен жүрген кезде қандай ережелерді ұстану керек?

- Міндетті түрде маска кию,көзді, ауыз және мұрынды ұстамау, қолды өңдеу үшін антисептик қолдану; лық толған қоғамдық көлікке отырмау.

- Қызметкерлердің санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс беруші қандай шараларды қолға алуы керек?

-Қызметкерлердің санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілер қызметкерлердің кемінде 30% - ын қашықтан жұмыс істеуін, бірінші кезекте 50 жастан асқан қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қызметкерлер мен келушілердің бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауын қамтамасыз етуі, үй-жайлардың желдетілуіне және қолды өңдеуге арналған санитайзерлермен жеке гигиенаны сақтауға жағдай жасауы қажет.

- Ата-аналарға қандай ұсыныстар бере аласыз? Мектептер мен балалар алаңдарына кезекші топтарға бару кезінде балаларды қалай қауіпсіздендіруге болады?

- Мектептердегі кезекші сыныптарға баратын балалардың ата-аналарына арналған ұсынымдар қоғамдық орындардағы іс-әрекеттерге ұқсас, бірақ ата-аналар мен мектеп басшылығы тарапынан, сондай-ақ міндетті күнделікті фильтрменбақылау керек, егер бала сырқаттанып қалса немесе ЖРВИ белгілері анықталған жағдайда оны нақты диагноз қойылғанға және сауыққанға дейін шеттету қажет.

- Жалпы, коронавирустың ықтимал жаңа толқынының басталуына байланысты тұрғындарға қандай ұсыныстар бересіз?

- Тұрғындарға коронавирустың күтіліп отырған жаңа толқынының басталуына байланысты стандартты сақтық шараларына бей-жай қарамауды, қонақтарды шақыру арқылы жаппай отбасылық іс-шаралар өткізбеуге, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болуға, қатты қажеттілік туындамаса, қоғамдық көліктермен жүруден және шет елдерге ұшудан аулақ болуға, кішкентай, қарт және жасы егде тартқан отбасы мүшелерін қорғауға кеңес береміз. ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспау керек, отбасының басқа мүшелерінен оқшауланыңыз және дәрігерді үйге шақырып, медициналық көмекке жүгініңіз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны