20.10.2020, 20:53 7024

Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев баяндама жасады.

"АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігі ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жағдайына байланысты", - деді А. Мамин.

Мемлекет ветеринарлық және фитосанитарлық жағдайды бақылаудың барлық қажетті шараларын қабылдап жатыр. Жануарлар мен құстардың 23 аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. 2020 жылдың 9 айында жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы 122,2 млн вакцина немесе көрсетілген кезеңге арналған жоспардың 100,9% жүргізілді. Бұл ретте ветеринарлық препараттардың шамамен 60%-ы елімізде өндіріледі.

Қазақстан бірқатар қауіпті аурулар (жылқы мен шошқаның африкалық обасы, шошқаның классикалық обасы) бойынша қауіпсіз ел ретінде ресми халықаралық мәртебеге ие. Осы жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚР-да листериоз, анаэробты энтеротоксемия, ринопневмония секілді жануарлардың аса қауіпті ауруларының саны азайды.

2020 жылы 3,8 млн га алаңда карантиндік объектілер мен ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды организмдеріне қарсы қорғау іс-шаралары жүргізілді. Уақытылы қабылданған шаралар шегірткелердің таралу ареалын 3,3 есеге - 2018 жылғы 1,7 млн гектардан осы жылы 515 мың гектарға дейін азайтуға мүмкіндік берді.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында осы жылдан бастап аса қауіпті зиянды организмдермен, карантиндік объектілермен және арамшөптермен күресу үшін пестицидтердің барлық түрлерін субсидиялау тетігі іске қосылды.

Премьер-Министр ветеринарлық және фитосанитарлық қызметті одан әрі нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу, ветеринария және фитосанитария саласында тексерулер, бақылау және мониторинг, сондай-ақ карантиндік іс-шаралар жүргізу жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Үкімет басшысы бүгінгі таңда құс тұмауына қатысты жағдай тұрақтанғанын атап өтіп, алайда жағдайға мониторинг жүргізуді жалғастырып, қажет болған кезде алдын алу шараларын жедел қабылдау керек екенін айтты.

Премьер-Министр жергілікті атқарушы органдардың карантин мен шектеу шараларын белгілеу және алып тастау жөніндегі шешімдерін әділет органдарында тіркеу рәсімдерін оңайлатуды тапсырды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиімді бақылауды ұйымдастыру үшін ветеринарлық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйелерін құру тапсырылды.

"Тиісті ақпараттық базаны жетілдіру және процестерді автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын 100% сәйкестендіруді қамтамасыз ету қажет", - деді А. Мамин.

Ауыл шаруашылығы және білім министрліктеріне сала үшін кадрлар даярлауды жетілдіру және кейін ауылда жұмыс істеу шартымен ветеринариялық және фитосанитарлық қызмет мамандықтары бойынша оқытуға бөлінетін гранттарды ұлғайту мәселесін пысықтау тапсырылды.

Ветеринариялық және фитосанитариялық (карантиндік) қауіпсіздік мәселелері туралы

ҚР АШМ желісі бойынша

Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына кіретін екі комитет қамтамасыз етеді.

Ветеринария қызметінің алдына қойылған негізгі міндеттер ветеринариялық-санитариялық саламаттылықты қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын адам мен жануарлардың жалпы ауруларынан қорғау, аумақты жұқпалы және экзотикалық аурулардың таралуынан қорғау, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың басынан бері заңнамалық деңгейде қабылданған нормалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, "орталық-аудан-ауыл" қағидаты бойынша жоғарыдан төмен қарай ветеринариялық бақылау, "облыс-аудан-ауыл" қағидаты бойынша жоғарыдан төмен қарай ветеринариялық қызмет құрылды. Өңірлендіруге, аймақтандыруға және компартменттеуге қойылатын бірыңғай талаптар белгіленді, мемлекеттік шекараның бүкіл периметрі бойынша тұрақты ветеринариялық бақылау, кәсіпорындардың инспекцияларының бюджет есебінен қаржыландырылуы жүргізілуде, бұл қазақстандық өнімді экспорттауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шаралардан тұратын ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуде. Ағымдағы жылғы 9 айда ғана жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы 122,2 млн. манипуляция жүргізілді, бұл 9 айдағы жоспардың 100,9%-ын құрайды. Вакциналау жүргізу үшін 7,1 млрд. теңге сомасына 148,2 млн. доза вакцина сатып алынды. Бұл ретте, ветеринариялық препараттың шамамен 60%-ы - отандық өндірістікі.

Республикамыздың аумағына таралуы үлкен қауіп төндіріп тұрған аса қауіпті аурулар тізбесіне 68 ауру түрі енгізілді, олардың 45 түрі бойынша Қазақстанда эпизоотиялық ахуал саламатты, 23 түрі бойынша диагностикалау және вакциналау бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылы өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жануарлардың аса қауіпті бірқатар ауруларының таралуы бәсеңдеді.

Сібір жарасы мен Ньюкасл ауруы бойынша эпизоотиялық ахуал саламатты болып қалып отыр.

Сондай-ақ, 2019 жылмен салыстырғанда 16 пунктте бруцеллез бойынша саламатсыз ошақтардың азайғаны байқалады. Олардың ішінде 93 саламатсыз пункт сауықтырылып, шектеулер алынды, ал 59 пунктте ветеринариялық-сауықтыру іс-шаралары жалғастырылуда.

Бұл ретте, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда республика аумағында құтырма ауруы бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулары ошақтарының көбейгені байқалады, сондай-ақ 2005 жылдан бері саламатты болып келе жатқан республикада құс тұмауы тіркелді.

Құс тұмауы бойынша елдегі эпизоотиялық ахуалға қатысты.

2020 жылғы 22 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде құстардың өлім-жітімі тіркелді, оның ішінде 7 облыста жоғары патогенді құс тұмауына күдік немесе расталған жағдайлар орын алды. Жеке аулаларда 26,5 мың құс басы, 3 құс фермасында 847,4 мың бас қырылды. Осылайша, жоғары патогенді құс тұмауынан барлығы 873,9 мың бас құс қырылып, бұл жалпы құстардың 1,9%-ын құрады.

Құстардың өлім-жітімі басталған сәттен бастап Министрлік жанынан және өңірлерде Жедел штаб құрылды, штабтардың отырыстары күнделікті өткізілуде.

Инфекцияның әр ошағы карантинге қойылып, құстарды және құс шаруашылығы өнімін әкелуге және әкетуге тыйым салынды, инфекция ошағын жоя отырып және дезинфекция жүргізе отырып, оқшаулау және жою шаралары жүргізіліп жатыр.

Буферлік аймақ құру үшін жабайы құстардың ұшып келу жолында үй құстарын мәжбүрлеп вакциналау үшін ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан 4,4 млн. доза көлемінде құс тұмауына қарсы вакцина бөлінді.

Бүгінде жеті облыстағы жеке аулаларда құстардың өлім-жітімі тоқтатылды, 3 құс фермасында құстардың қырылуы азайды, ауру құстарды жою және олардың иелеріне құнын өтеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Эпизоотиялық ахуал Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыстар әкімдіктерінің тұрақты бақылауында.

Өткен жылы, Асқар Ұзақбайұлы, өзіңіздің қолдауыңызбен қазақстан-ресей учаскесінде 28 және қазақстан-қырғыз учаскесінде 4 ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау пункті ұйымдастырылды. Бұл шара ветеринариялық-санитариялық, фитосанитариялық, карантиндік тұрғыдан мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы қауіпті өнімдерінің әкелінуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

2020 жылдың басынан бері жалпы көлемі 171 мың тонна мал шаруашылығы өнімі бар 17 мың автокөлік тексерілді. Жалпы ветеринария саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін жалпы сомасы 86,2 млн. теңгеге 2,4 мың жеке және заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды.

Бүгінде Қазақстан аусыл, жылқылар мен шошқалардың африкалық обасы, шошқалардың классикалық обасы бойынша ресми саламатты мәртебеге ие. Сондай-ақ, күйіс қайыратын ұсақ малдың обасы және сиырлардың құтырма ауруы бойынша мәртебе алу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге қосымша нарықтар ашуға мүмкіндік берді. Мысалы, Қытай Халық Республикасымен өнімнің 20 түріне, Иранмен өнімнің 6 түрі бойынша, Парсы шығанағы елдерімен өнімнің 6 түрі бойынша ветеринариялық-санитариялық талаптар келісілді.

Шетелдік кәсіпорындар тізіліміне барлығы 2 728 қазақстандық өндірушілер, оның ішінде 250 кәсіпорын Үшінші елдер тізіліміне және 2 478 кәсіпорын ЕАЭО тізіліміне енгізілді.

Экспортталатын өнім желісі 480-нен 551 тауар топтарына дейін кеңейтілді және қазақстандық өнімді импорттаушы елдердің тізбесі 65-тен 72 мемлекетке дейін ұлғайды.

Фитосанитария және өсімдіктер карантині жөніндегі іс- шараларға қатысты.

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды организмдеріне және карантиндік объектілерге қарсы 3,8 млн. гектар алаңға, оның ішінде үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы 514 мың гектар алаңға және карантиндік объектілерге қарсы 19,5 мың гектар алаңға қорғаныш іс-шаралары жүргізілді. Дер кезінде қабылданған шаралар шегірткелердің таралу ареалын 3,3 есеге азайтуға мүмкіндік берді.

Республика аумағында тікенекті алқа карантиндік арамшөптің таралу ошағы жойылды, америкалық ақ көбелектің, калифорниялық қалқаншалы сымырдың, жатаған у кекіренің таралу алаңы төмендеді.

Бүгінгі таңда әкелінетін өнімдерге карантиндік фитосанитариялық бақылау Мемлекеттік шекараның бүкіл периметрі бойынша жүзеге асырылуда.

2020 жылдың 9 айы ішінде Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімнің импорты кезінде өсімдіктер карантині саласында 3 082 бұзушылық анықталды, 137,0 млн. теңге сомаға әкімшілік айыппұл салынды, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 4,7 есе көп.

Міндетті карантиндік фитосанитариялық талаптарға жауап бермейтін 12,4 мың тонна карантинге жатқызылған өнімді әкелу жолы кесілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 41,8%-ға артық.

2020 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторлар бақылау және қадағалау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде олардың іс-әрекеттерін тіркейтін фото және бейне құралдарымен жарақтандырылды.

Экспортқа ықпал ету мақсатында фитосанитариялық сертификатты алу үшін қажетті құжаттар тізбесі қысқарды (көрсетілетін қызметті алушының импорттаушы елдердің фитосанитариялық талаптарын қағаз тасығышта беру қажеттілігі алынып тасталды, бұл деректер өтінімді толтыру кезінде мәліметтер нысанында толтырылады);

Бұдан басқа, карантиндік сертификаты беру мерзімі 3 күннен 1 күнге;

?фитосаритариялық сертификаты беру мерзімі 5 күннен 3 күнге қысқарды.

?тез бұзылатын өнімге 3 жұмыс сағаты ішінде карантиндік және фитосанитариялық сертификатты алудың оңайлатылған тәртібі қарастырылды.

Республика аумағындағы тұрақты карантиндік фитосанитариялық ахуалдың арқасында отандық өсімдік шаруашылығы өнімін өткізудің басым нарығына жеткізуге шектеулер жоқ.

Қытайдың Бас кеден басқармасымен фитосанитариялық карантиндік талаптар бойынша 10 хаттамаға қол қойылды. Қытай Халық Республикасы Тізіліміне өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіретін және өңдейтін 486 отандық кәсіпорын енгізілді.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесін және Россельхознадзордың ақпараттық жүйесімен интеграцияны дамыту жұмысы жүргізілуде.

Ветеринария және фитосанитария саласында қабылданып жатқан шаралармен қатар, ашық түрде қалып отырған бір қатар проблемалық мәселелер бар. Бұл негізінен ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық бақылау мен қадағалау жүргізуге байланысты.

?Бірінші, тексерулерге мораторий енгізілуіне байланысты жануарлардың аса қауіпті ауруларының, карантиндік объектілердің және аса қауіпті зиянды организмдердің республика аумағында пайда болу және таралу жағдайларының алдын алу және жолын кесу мәселесі өте маңызды болып тұр, бұл жерде ветеринариялық және карантиндік инспекторлар бақылау объектілеріне бара отырып, тексеру және бақылау жүргізулері қажет.

Бақылау объектілеріне бара отырып, тексерулерді және бақылау мен қадағалаудың профилактикалық ветеринариялық және фитосанитариялық түрлерін мораторийден шығаруды ұсынамыз.

?Екінші, құс тұмауының таралуы мысалында, жедел карантинге қою және инфекция ошағынан жануарлар мен өнімдерді әкелуге және әкетуге тыйым салуды енгізу мәселесі өте маңызды болып тұр.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдар әкімінің қаулыларын келісу, бекіту және күшіне енгізу 5 күннен 15 күнге дейін уақытты алады. Ең жылдам дегенде 3 жұмыс күнін құрайды. Бұл жағдай инфекция ошағын оқшаулау және оның жақын орналасқан аумақтарға таралуын болдырмау бойынша жедел шараларды уақытында қабылдауға, атап айтқанда карантин қоюға және инфекция ошақтарын тоқтатуға мүмкіндік бермейді.

Карантинге қою және шектеу іс-шаралары туралы шешімді бекіту және тіркеу мерзімін 1 күнге дейін қысқарту қажет.

?Үшінші, жоғары патогенді құс тұмауы салдарынан алынған және жойылған құстардың құнын өтеу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

?Төртінші, ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құруға республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге бөлінуін сұраймыз.

?Бесінші, әкелініп жатқан өнімге жедел ден қою және тиімді бақылау мен қадағалау мақсатында Ресей Федерациясы сияқты шекаралық бекеттердің тура маңынан ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін орналастыруды ұсынамыз.

Халықты дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету туралы

ҚР ИИДМ желісі бойынша

Дәрілік заттар бойынша

Қаңтар - қыркүйек айларының қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 39,8% өсті.

Өсім "СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің Кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұлғаюымен қамтамасыз етілді.

Еліміздің фармацевтика өнеркәсібінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруді 96 кәсіпорын жүзеге асырады .

Бүгінде отандық тауар өндірушілермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 мың атауына 88 ұзақ мерзімді шарт жасалды.

Медициналық маскалар өндірісі

Отандық кәсіпорындар тәулік сайын 900 мың маска шығарылуда. Қоймаларда 18 млн. маска бар.

Бұл ретте, кәсіпорындардың өндіріс қуаттылығы тәулігіне 1,2 млн. данаға дейін медициналық маскаларын шығаруға мүмкіндіктері бар.

Медициналық қолғаптар өндірісі

Күн сайын 330 мың жұп қолғап шығарылады. Қоймаларда 7 миллионнан аса жұп бар. Ағымдағы жылдың қараша айында қуаттылық тәулігіне 530 мың жұпқа дейін ұлғайтылатын болады.

Қорғаныс костюмдерін өндіру

Бүгінде 6 отандық компания айына 504 мың қорғаныс костюмін шығарады. Жыл соңына дейін қуаттылық 1 миллионға дейін арттырылатын болады.

Індеттің екінші толқыны жағдайында фармацевтика саласының кәсіпорындары дәрілік заттардың қажетті көлемін қамтамасыз етуге дайын.

Өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараттары бойынша

Өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараттарына республика бойынша барлық қажеттілік 1500 бірлік аппаратты құрайды.

Бүгінгі күні Қазақстанның 17 өңіріндегі 297 ауруханаларына барлық 1500 бірлік өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараттары өндірілді және жеткізілді.

Жедел жәрдем автомобильдерін өндіру бойынша

Қазақстан зауыттарында 376 жедел жәрдем автомобильдері шығарылды, оның 220-сы ел өңірлеріне жеткізілді.

Бүгінгі таңда қалған 156 бірлік жеткізілуде. Жалпы, осы бағдарлама шеңберінде 5 қарашаға дейін 1 167 бірлік санитарлық көлік жеткізілетін болады.

100 жылжымалы медициналық кешенге қатысты

Бүгінгі таңда жылжымалы медициналық кешендерінің 63 бірлігі дайындалды.

Бүгінде 45 бірлік медициналық кешені жөнелтілді, оның 25 бірлігі өңірлерге жеткізіліп, беру процесі жүргізілуде.

Қалған 18 кешен ертең жөнелтіледі.

37 бірлік өндірісте және ағымдағы жылдың 23 қазанына дейін жөнелтілетін болады.

Рентген аппараттарын сатып алуға қатысты

Жергілікті атқарушы органдар "Ақтөберентген" акционерлік қоғамымен 49 бірлік рентген аппараттарын өндіруге келісімшарттарын жасады.

Алғашқы 12 аппарат 9 қазанда Ақтөбе қаласына жеткізілді. Қалған 37 бірлік аппаратты жөнелту ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін аяқталатын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны