12.11.2020, 21:56 28156

Гашиш тасымалдауға әрекет жасаған Қазақстан азаматы ұсталды

Гашиш тасымалдауға әрекет жасаған Қазақстан азаматы ұсталды

Алматы. 12 қараша. Kazakhstan Today - 2020 жылғы 11 қарашада шекарашылар "Жаңа Жол" (СҚО) автомобиль өткізу пунктінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде (қол жүгін тексеру, өсімдік тектес заты бар, жасыл-қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар Қағаз түйіншекті) есірткі заттарын (гашиш) тасымалдауға әрекет жасағаны үшін Қазақстан азаматын ұстады.

Аталған азамат және есірткі заттары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментіне берілді.

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері есірткі заттарын тасымалдауға жол бермеу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағдарланған.


Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны